«Стратегия «Казахстан 2050»: укрепление здоровья нации средствами физической культуры и спорта»



Pdf көрінісі
бет71/95
Дата13.12.2021
өлшемі8,46 Mb.
#125670
1   ...   67   68   69   70   71   72   73   74   ...   95
Байланысты:
3-2014

Алтынгүл САНСЫЗБАЙ

филология факультетінің 2-курс студенті

Жасыл елі жарасқан

Гүлдене бер, Қазақстан!

 

– деп ұрандатылып, «Жасыл ел» 

облыстық  штабының  ұйымдастырумен  наурыз  айының  2-ші 

жұлдызы күні студенттер арасында флеш-моб өткізілді. Аталмыш 

флеш-мобта  университет  студенттері  белсенділік  танытты. 

Флеш-мобтың  басты  мақсаты  –  «Жасыл  ел»  бағдарламасы 

жұмысы  жүзеге  асырылып  жатқанына  9  жыл  толуына 

орай  ұйымдастырылды.  «Жасыл  ел»  жауынгерлері  күннің 

салқындығына  қарамастан,  жерлестерін  құттықтап,  студент 

жастарды еңбек етуге шақырған ұран сөздер айтылды. «Жасыл 

ел» бағдарламасына тоқталып өтсек, бұл бағдарлама еліміздің 

Елбасы бастамасымен 2005 жылы жарық көрген болатын. Негізі 

қаланған уақыттан бастап республиканың 14 облысында, Астана 

және Алматы қалаларында аймақтық «Жасыл ел» штабтары 

сегіз жыл аралығында жұмысын сәтті жүргізуде

.

 «Жасыл ел» 



еңбек жасағының негізгі міндеттері: қоршаған ортаны қорғауға 

септігін  тигізетін  білімді  насихаттау;  өзі  тұратын  аймақтарға 

ұқыпты  қарау  және  экологиялық  мәдениетті  қалыптастыру; 

аймақтың  дамуындағы  елеулі  орын  алатын 

экологиялық  қауіпсіздіктің  қамтамасыз  етілуі 

туралы қоғамдық пікірдің қалыптасуы; жастарда 

әртүрлі  жұмыстарды  орындаудағы  ұқыптылық 

пен шығармашылық қасиеттерді қалыптастыру; 

жастарда  белсенді  азаматтық  ұстанымдарын 

қалыптастыру; жастардың еңбек және әлеуметтік 

икемдеуін  қадағалау  және  оны  өсіру,  олардың 

материалдық жағдайын жақсарту. 

Тоқсан  ауыз  сөздің  тобықтай  түйініне 

тоқталсақ,  «Жасыл  ел»  –  жастар  үшін  жұмыс 

болып қалыптасып қана қоймай, сонымен қатар 

бос уақыттарын тиімді өткізуге бағытталған шара 

деуге  саяды.  Ендеше,  жасампаз  «Жасыл  ел» 

жасай берсін!





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   67   68   69   70   71   72   73   74   ...   95




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет