Сүттің химиялық құрамы, қасиеттері. Сүт консервілерінің ассортименті



бет11/33
Дата11.05.2022
өлшемі74,89 Kb.
#142589
түріҚұрамы
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   33
Байланысты:
Сүт өнімдерін консервілеу

Ыдысқа құю, тығындау, таңбалау. Пастерленген сүтті ұсақ және ірі ыдыстарға құяды. Ұсақ ыдыс ретінде шыны құмыралар, полимерлі астарлары бар қағаз пакеттер, сыйымдылығы 0,25; 0,5; 1,0 л полиэтилен пакеттер, сонымен қатар сыйымдылығы –тен 25-ке дейін полиэтиленді қаптар қолданылады. Ірі ыдыс ретінде флягтар мен цистерналар қолданылады. Шыны құмыраларға сүтті құю арнайы құрал-жабдықта жүргізіледі. Жәшіктердеге құмыралар транспортермен арнайы машинаға келіп түседі, осында құмыралар автоматты түрде жәшіктерден босатылып, құмыра жуу машинасы беріледі. Жуылған және дезинфекцияланған құмыралар құю және тығындау автоматында құмыралар вакуумның әсерінен сүтпен толтырылады да, алюминий қалпақтармен тығындалады. Арнайы машина құмыраларды сымнан жасалған себеттерге орналастырып, транспортермен дайын өнімді сақтауға арналған қоймаға жіберіледі.
Қазіргі уақытта пастерленген сүтті сыйымдылығы 2,5 және 1 л және 0,2; 0,5; 1,0 л қағаз пакеттерге құю көбейді. Мұндай пакеттегі сүтті тасымалдау өте ыңғайлы.Пастерленген сүт шығарылатын ыдыс міндетті түрде таңбаланады. Жуылмайтын бояудың көмегімен белгілерді егізеді: өндіруші-өнеркәсіптің атауы мен нөмірі немесе оның тауарлық белгісі, сүттің түрі, литрдағы көлемі, тұтынудың соңғы саны немесе күні, бірлік бағасы және стандарттың атауы.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   33




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет