Студентке арналған тапсырма: «Жараны алғашқы хирургиялық өңдеу»


Емдік лапароцентезге арналған құрал-саймандарды жинау. Жасауға көмектесу



бет17/46
Дата05.05.2020
өлшемі231,85 Kb.
#66009
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   ...   46
Байланысты:
оеска t Word (3)-1
оеска t Word (3)-1
Емдік лапароцентезге арналған құрал-саймандарды жинау. Жасауға көмектесу.

Анықтама: емдік лапароцентез-бұл іш қуысын, емдеу мақсатымен (асцит жағдайында іш қуысындағы жиналған сұйықтықты сыртқа шығару үшін) тесу.

Мақсаты: іш қуысындағы сұйықтықты сыртқа шығару.

Қажетті заттар: стерильді салфетка, шариктер, хирургиялық, анатомиялық пинцеттер, скальпель, ине ұстағыш, ине, жібек №4 (1ампула), троакар,қайшы, шприц, новокаин, бөліністі жинайтын ыдыс, спирт-70%, лейкопластырь, резиналы қолғаптар, клеенкалы фартук, шылапшын.

Іс-әрекет алгоритімі:

  1. Мейірбике науқасты тыныштандырып, науқасқа іс-шара барысын түсіндіріп, келісімін алады.

  2. Науқасты орындыққа сүйендіріп отырғызамыз;

  3. Науқастың алдына шабынан төмен клеенкалы фартук төсейміз, фартуктың етегі екі аяғының ортасына қойылған шылапшынға түсіп тұруы керек;

  4. Хирург зарарсыздандырылған қолғаптар киіп, операциялық майданды спиртпен 3рет өңдейді;

  5. Пункция орнын (кіндік пен қасаға ортасын) 0,5%-30мл новокаинмен жансыз-дандырады;

  6. Жансыздандырылған жерден скальпелмен 2см көлемінде кеседі;

  7. Троакарды кесілген жерден іш қуысына қарай енгізеді, тесіп болған соң стилетті суырып алады, сұйықтықты жәймен шығарады (сұйықтықты тез шығару коллапске алып келуі мүмкін);

  8. соңында түтікті алып, теріге 2 жібек тігіс салынады;

  9. тігіс үстінен асептикалық таңғышты лейкопластырмен жабыстырамыз.

  10. Қолданылған құрал-саймандар дезертіндіге салынады.



Диагностикалық лапароцентезге арналған құрал-саймандарды жинау. Жасауға көмектесу.

Анықтама: диагностикалық лапароцентез-бұл іш қуысында патологиялық сұйықтықты анықтау мақсатымен іш қуысын (іш қуысы ағзаларының зақымдануында) тесу.

Мақсаты: іш қуысында патологиялық сұйықтықтың барын анықтау.

Қажетті заттар: скальпель, ине ұстағыш, ине, жібек №4 (1ампула), хирургиялық пинцет, троакар, резиналы қолғаптар, 3-4 дәкелі шариктер, салфеткалар, қайшы, хлорвинилді трубка, шприц Жанэ, 400мл фурацилин ерітіндісі, шприц, новокаин, бетадин, спирт-70%, лейкопластырь.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   ...   46




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет