Лекция №8 Хандық дәуір музыкасы



бет1/2
Дата21.10.2022
өлшемі20,68 Kb.
#154415
түріЛекция
  1   2
Байланысты:
Лекция 8 (1)


Лекция №8
Хандық дәуір музыкасы

Бүгінде хандық дәуір деген атауға ие болған XV – XVIII ғасырлар арасы түрлі тарихи этникалық процеске толы. Бұл - Алтынорданың құлап, Қазақстанның батысында ноғайлы, Қазан, Қырым, Астрахан, оңтүстік аймақтарда Көшпелі өзбектер мемлекетінің құрылған кезеңі. Өзбек Әбілқайыр тұсында Жәнібек пен Керейдің бөлініп,1456 жылы Қозыбастан қазақ хандығының іргесін қалағаны мәлім. Осы кезеңнен бастап үш ғасырбойы қазақ халқының этногенезесі қалыптасты, Монғол шапқыншылығынан соң бел алған көшпелі өмір салты жалпы халықтық тілдің орнығуына жағдай тудырса, оған жыраулық өнердің қосқан үлесі де елеулі. Орта түркі дәуіріндегі музыкалық теориялық трактаттармен қатар қазақ жерінде суырып айту дәстүрі де ерекше дами бастаған.


Жыраулық өнер - Батыс,Оңтүстік Қазақстан аймақтарында басымдау дамыған.Әсіресе Атырау мен Сыр бойындағы эпикалық дәстүрдің күні бүгінге дейін жалғасып келе жатқанын атап айтқанымыз жөн. XV ғасыр – Асан Қайғы, Қазтуған, XVI- Доспамбет, Шалгез(Шалкиіз),XVII- Жиембет, Марғасқа ,Ақтамберді, XVIII-Тәтіқара, Үмбетей ,Бұқар жырау т.б. есімдер қазақ поэзиясы мен өнерінің сахынасына шығарды.
Қазақ әдебиеттану ғылымында бұл кезеңде туған шығармаларды жыраулық поэзия деп атау орныққан.Алайда жыраулық өнер үнемі поэзия мен музыканың бірлігінде көрінеді. Бұл- синкреттік құбылыс. Демек поэзияны оның музыкалық-ырғақ жүйесі мен мақамынан бөліп қарауға болмайды.Осы тұрғыдан келгенде бұл кезеңдегі мәдениетке жыраулық өнер деген атау дәл келетін сияқты.
Асан Қайғының: Бұл заманда не ғаріп?
Ақ қалалы боз ғаріп,
Жақсыларға айтпаған
Асыл шырын сөз ғаріп.....
Деген толғауы бір деммен айтылады.Бұлайша түйдектетіп төгіп айту жыраулық өнерге ғана тән құбылыс.
Қазтуған, Доспамбет толғауларының құрылымы да осыған жуық.Олардың кейбір шығармаларының музыкалық арқауы айқындау.
Қоғалы көмдер, қом көлдер
Қоныстар қонған өкінбес.
Арыстандай екі бұтын алшайтып,
Арғымақ мінген өкінбес......
деген Доспамбет толғауының құрылымы өзгешелеу. Мұнда музыкалық мақам іздері жақсы сақталған. Жыраулық өнер - суырып айтудың жемісі. Ірі жыраулар өз шығармаларын алдынала айтып жаттамайды. Олар өздерін іштей толқытып, толғандырып жүрген тақырыптар төңірегінде сөз қозғап, ел тағдыры мен болашағы туралы әлеуметтік-философиялық мәселелерді жырлайды.
Жырау көнеден келе жатқан айтушы типі. Оның ізін біз фольклорлық дәстүрден аңғарамыз. Алайда жыраулық өнердің өрістеген кезеңі - хандық дәуір. Осыған орай жырау алғашқы ма, ақын бұрын туған ба ? Жырау кім, жыршы кім? деген мәселелер сөз болуда.. Оларды бір ғылыми ізге түсті деп айту қиын. Мысалы,Е.Тұрсынов жыраудан бұрын ақын типінің шыққанын тілге тиек еткен. М.Мағауиннің «жырау сонау көне замандардың өзінде, ең алдымен, ақын ретінде танылған сияқты» - деген пікірі осыған саяды. Автордың жыраудың басты белгісі – ақындығы деген пайымдауымен келісуге болады. Алайда жыралық өнер – синкреттік, ақындық поэзия – дараланған құбылыс. Жырау бойынды екі түрлі қасиет бар, бірі ақындығы, екіншісі сазгерлігі. Ақында мүның бірі болса екіншісі жоқ.
Сол сияқты жырау мен жыршы атауларының мән-мағынасы да анықтауды қажет етеді. Бүгінде бұл атаулардың бірі тудырушы, екіншісі орындаушы, насихаттаушы мағынысында қолданылып келеді.Ел ұғымында да, ғылыми танымда да Құрманғазы, Дәлеткерей-домбырашы ,Қорқыт, Ықылас –қобызшы болып аталып келеді.Бірақ осыдан келіп олар шығарушы емес, тек орындаушы деген ұғым туған емес.Қазақ фольклоры мен музыкасы тарихы тұсында домбырашы, қобызшы, сыбызғышы атаулары бір ғана орындаушыларға қатысты қолданылып жүрмегенін де ескеру қажет.
Бізде XVIII ғасырдан бергі жерде жыраулық поэзия жоқ дейтін пікірлер де бой көрсетіп келді. ХІХ ғасыр жағдайында, бір жағынан, аспаптық-күйшілік өнер, екінші жағынан, кең тынысы созылмалы әндер туып жатқанда, жыраулық өнердің көмескі тарта бастағаны рас. Бірақ оны жойылып кетті деуге болмайды. Олай болғанда Мурабай, Мергенбай жырауларды қайда қоямыз? Кешегі Мұрын,Нұртуғандар жанынан шығармаса да, ғасырлар қойнауынан жеткен қымбат жырларды жеткізді.
ХІХ ғасыр қазақ мәдениетінің айрықша қарқынмен өрістеген кезеңі. Алғашқы жартысындағы музыка мәдениеті жыраулық өнерден көп ұзап кете қоймады.Оған Махамбет мұрасы куә. Оның толғаулары – анық жыраулық өнер көрінісі.Келе келе осы жыр толғаулар әдеби поэзиялық мәтінсіз орындалып, аспаптық күйге ұласқан.Оны музыка тілінде жыр күйі ретінде айтамыз. Жыр мен күйдің арасын жалғап түрған жанр осы.
ХІХ ғасырда аспаптық (домбыра) және әншілік өнер өзінің биік белесіне көтерілді.Сөйтіп қазақ жерінде бірнеше ән күй мектептері қалыптасты. Оны халықтық кәсіби музыкалық өнер дейміз.


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет