Студенттердіѕ жеке ќасиеттерініѕ дамуын зерттеу жјне ќолдау



бет12/31
Дата07.02.2022
өлшемі0,73 Mb.
#84636
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   31
Байланысты:
Дип.-СТУДЕНТТЕРДІҢ-ПСИХОЛОГИЯЛЫҚ-ПЕДАГОГИКАЛЫҚ-ДАМУ-ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ

- ұйымдастырушылық - адамдардың тәжірибелік іс-әрекеті барысында қолайлы позиция болып табылады.
- болжамдық - ғылыми дүниетаным ғылыми теория мен тәжірибенің меңгеру белгілерімен алға жылжытады.
- тәрбиелік мақсаты - баланың тұлғалық құрылымының тұрақтылығы мен сенімді орталық ұйымының қалыптасуын қадағалайды да, табиғатқа қоғамға және ойлауға деген қатынастың негізінде мінез құлық пен ерік сезімдердің санадағы бірлігін айқындайды.
Адамзаттың пайда болу тарихын түсіндіруге әртүрлі көзқарастардың бар екені мәлім. Сенім мен дүниетаным қатарласа жүрсе ғана адам санасының сапасы арта түседі. Өйткені бұл екеуі құстың қос қанатындай адамның ең асыл қасиеттері болып табылады. Сенім терең, тиянақты ойланып айтылған идеиялардың жиынтығы. Сенім жеке даманың өмірлік позициясының беріктігін анықтайды, мінез құлқын сипаттайды [39,3].
Жеке адамның өзіндік сана сезімінің әртүрлі себептері - адамның өз-өзіне қарым-қатынас жасауы, яғни мұның өзіндік іштей сөйлеудің дамуына, ойлаудың, танымдық қасиеттердің жеткілікті түрде қалыптасуына абстракция және жалпылау сияқты, индивидтің өзінің “Мені” туралы ұғымын, көрінісін құруға мүмкіндік беру үшін және “Менін” басқалардан ажырата алуы үшін қажет.
Жалпы айтқанда әрбір жеке адам қоғам тұлғасы ретінде жеке тәрбие жұмысына, жеке өзіндік өмір бейнесіне, жеке құқыққа, танымдық қасиетке, жеке түрткі күшіне ие болатын жан. Адам белгілі бір қоғамның мүшесі, ол қандай да болмасын бір іспен айналысады, оның азды-көпті тәжірибесі, білімі өзіне тән ерекшеліктері болады. Осы айтылғандардың жиынтығы оны “жеке адам” етеді. Жеке адамның өзіндік ерекшелігі оның дүниетанымынан, сенімінен, талғам, мұратынан, бағытынан, қабілет қызығушылығынан жақсы байқалады. Адамның айналасын қоршаған дүние үнемі өзгеріп отырғандықтан оның түрлі ерекшеліктері, танымдық қызығушылықтарын да дамып өзгеріп отырады. Танымдық іс-әрекеттер адам мақсаттарымен ұмтылыстарының негізі болатын, білімін қалыптастыратын, шығармашылық қызметінің тарихи үрдісі. Ой еңбегімен дене еңбегі арасында танымдық іс-әрекет шығармашылық қабілетін арттыруда жаңалық ашушы мен тудырушы болып табылады.
Ал, таным- рухани өндірістің (ғылым, эстетика, діни, парасаттылық және т.б.) түрлі салаларындағы кәсіби мамандардың ерекше қызметі ретінде көрінеді. Таным- адамның табиғатқа белсенді түрде әсер етуінен, табиғат заттарын өңдеуден, зат қасиетін өндірісте пайдаланудан бағыт алады.
Танымдық қасиеттер – адамның тіл байлығының дамуынан, ойлау қызметінің артуынан байқалады. Егер студенттер өздерінің оқыту процесіндегі бағдарының мәнін, маңыздылығын ұғынып, оның ерекшеліктері мен заңдылықтарын, компоненттерін меңгеруге қажетті білім негіздерін игерсе, онда танымдық қызығушылық пен танымдық іс-әрекеттің маңызы артады.
Аталған тұжырымдарға орай отандық психолог С.М.Жакуповтың “Танымдық іс-әрекет психологиясы” еңбегінде оқу-тәрбие процесінің тиімділік, дәстүрлік оқыту жүйесімен жаңаша оқыту үрдісінде танымдық іс-әрекеттің жолын ұсынды. Ғылыми еңбектерді сараптай келе танымдық іс-әрекеттің жүргізілу жолдарын төмендегідей бағыттарда қарастырылған.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   31




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет