ҚАЙЫРЫМДЫЛЫҚ ПЕН ЗҰЛЫМДЫҚ - моральдық-этикалық категориялардың бірі, яғни адам-мінез құлқының адагершіліктік құндылығы бағаланады.
ҚАБЫЛДАУ- сыртқы дүниенің сезім мүшелеріне әсерінен туған заттың тұтас бейнесі. Біз дүниедегі заттар мен құбылыстарды белгілі бір уақытта және кеңістікте қабылдаймыз. Уақыт пен кеңістіктен тыс жатқан нәрсе болмайды.Кеңістікте қабылдау деп – дүниедегі заттар мен құбылыстардың белгілі бір орнын, мөлшерін, көлемін, алыс-жақындығын санамызда бейнелеуін айтамыз.
ҚҰДАЙ–бүкіл әлемнің жаратушысы және соны басқаратын бейне; иудаизмде
- Яхве, исламда - Аллах, христианда – қасиетті үштік (құдай-әке, құдай- ұлжәнеқұдай-қасиетті рух). Құдай туралы түсінік қазіргі кездегі дін формасының негізін құрайды.