Студенттің білімін тексеруге арналған тест



бет90/98
Дата23.02.2022
өлшемі1,62 Mb.
#132934
түріБағдарламасы
1   ...   86   87   88   89   90   91   92   93   ...   98
Байланысты:
umkd po filosofii 2021 na ka yaz
Презентация Microsoft PowerPoint
РЕФЛЕКСИЯ (ІШКІ) бейнелеуді, сондай-ақ таным актісін зерттеуді білдіретін термин. Сананы өз өзіне үңілдіруді өз психикалық күйіне ой жүгіртушілікті сипаттайды.
РУХ ФЕНОМЕНОЛОГИЯСЫ – бұл бір уақытта бүкіл әлемдік мәдениеттің даму процессі, адамзаттың рухани тәжірибесінің жинақтауы және осы тәжірибені нақты индивидтің меңгеруі (индивидтің әлеуметтену процессі).
СЕКІРІС-сандық өзгерістер нәтижесіндегі зат немесе құбылыстың түбегейлі, сапалы өзгеруінің сатысы, ескі сапаның жаңа сапаға айналуы сәті немесе кезеңі. (Гегель)
СКЕПТИЦИЗМ (гр.skeptiko-қараймын, зерттеймін) объективті шындықты дұрыс тану мүмкіндігіне күдікпен қарайтын философиялық бағыт.
САПА –бұл заттың ішкі айқындылығы, белгілі бір материалдық және рухани қажеттіліктерді қанағаттандыруға мүмкіндік беретін пайдалы қасиеттердің жиынтығы. Беріктік, төзімділік, үнемділік, көркемдік-эстетикалық, т.б. көрсеткіштерімен сипатталады. Сапаны айқындайтын қасиеттер абсолютті, салыстырмалы немесе үлестік болуы мүмкін және субъективтік, объективтік немесе сараптамалық жолдармен өлшенеді
САН – сыртқы болмыс үшін анықталғандық, басқа зат үшін әлдебір нәрсе, мөлшерді сипаттайтын, санауда пайдаланылатын абстракт нәрсе (Гегель).
САНА - тек адамға ғана тән, оның тілімен байланысты, адам миының жоғары функциясы. Ол нағыздықтың бейнеленуінің жалпылама және мақсатты бағытталғандығынан, жоспарлы әрекеттің адамның тәртібінен, өзін-өзі ақылмен реттеуінен және бақылауынан көрініс табады.
СОЛИПСИЗМ–тек адам және оның санасы ғана өмір сүреді, ол обьективті дүние, оның ішінде адамдар да бар, жеке адам санасында ғана өмір сүреді дейтін субьективтік-идеалистік теория. Солипсизмдік көзқарас адамның іс әрекеті мен ғылым мәнін жоққа шығарады.
СОТЕРИОЛОГИЗМ–жанды құтқарудағы адамның барлық өмірлік іс әрекетінің бағдары.
СТРУКТУРАЛИЗМ- қазіргі ғылым мен философияның тоғысындағы бағыт, гуманитарлық ғылымдарға нақты ғылым ретінде мәртебе беруге ұмтылуды қөрсетеді.
СУБСТРАТ бірліктің, тұтастықтың негізі, әртүрлі заттардың және жеке бір зат қасиеттерінің, нәрселер мен олардың жиынтығының т.пкі біртектілігі.
СУБСТАНЦИЯ–ішкі бірлік тұрғысынан барлық формаларымен оның өздігінен дамуының табиғат пен тарихтың барлық алуан түрлі құбылыстарының, соның ішінде адам мен оның санасының обьективті реалдылығы, сол себепті ғылыми танымның, нақтының теориялық бейнеленуінің іргелі категориясы.
СУБЪЕКТ - материалды мақсатты әрекетті тасушы, оны обьектімен байланыстырушы. Бұл белсенді, харекетшіл мән, осуществляющее шындықтағы мақсатты тұжырымдап және қайта жасап жүзеге асырады.
СЕЗІМДІЛІК – «адам табиғатының», оның тәнінің, санасының, еркінің,
«жүрегінің» синтетикалық, антропологиялық қасиетінің жалпыланған сипаттамасы. (Л.Фейербах)
СХОЛАСТИКА–ортағасырлық философияның дамуының басты бағыты. Басты сұрағы–білімнің сенімге қатынасы. Ақиқат інжіл мәтіндерінде жазылып қойған, оны тек дұрыс талқылау қажет деп есептеген. Бұл рационалды негіздеме және антикалық философия идеяларын қолдана отырып христиандық сенім ілімін жүйелеу.
СЦИЕНТИЗМ – мәдениет жүйесіндегі, қоғамның рухани өміріндегі ғылымның рөлін абсолюттендіруге негізделген концепция.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   86   87   88   89   90   91   92   93   ...   98




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет