ҚР ҚЖ 4.01-106-2018 38
құрылымның құнынан 1% аспауға тиіс. Жаңа қондырғылар мен технологиялардың
тиімділігін тексеру үшін экспериментальды жобаларды әзірлеу нормалары қолданылады.
6.1.13
Ағынды суларды тазарту станцияларын жобалау кезінде ағынды сулардың
қосымша көлемін және тұнбаларды сусыздандырудың технологиялық процестерінде
пайда болатын ластаушы заттарды өңдеуді ескеру, сондай-ақ атмосфераның, топырақтың,
беттік және жер асты суларының тұнбаны сусыздандыруға арналған құрылыстармен
ластануын болдырмау жөніндегі іс-шараларды қарастыру қажет.
6.1.14 Ағынды суларды тазарту станциясының каналдарын және имараттардың
науаларын арынның шығынын ескере отырып және имараттардың тиісті тік қонуын
ескере отырып, 1,4 коэффициентімен (олардың жұмысын қарқындату мүмкіндігін ескере
отырып) максималды секундтық шығысты өткізуге тексеру қажет.