ҚР ҚЖ 4.01-106-2018 52
мультислой түйіршікті сүзгіш тиеуді пайдалану кезінде сүзу жылдамдығы мен сүзгіштің
ұзақтығы арнайы негіздемеде ұлғайтылуы мүмкін.
Сүзгілерді жуудан ластанған сулар жинақтау резервуарына жіберіледі.
6.8.5.4 Тиімді сүзгіш жабдық ретінде үздіксіз әрекет ететін заманауи өздігінен
жуылатын түйіршікті сүзгілер қолданылуы мүмкін. Сүзгілердің техникалық
параметрлерін жабдықты әзірлеушілер мен дайындаушылар анықтайды.
6.8.5.5 Сүзгілердің жұмысын автоматтандыру ұсынылады. Сүзгілердің жұмысын
басқару үшін технологиялық көрсеткіштер ретінде сүзілген судың лайлылық
көрсеткіштерін және/немесе сүзгілердегі қысымның белгіленген шекті шамадан тыс
ауытқуын (сүзгілердің алдында қысымның жоғарылауын) пайдалану керек.