ҚР ҚЖ 4.01-106-2018
53
6.8.7 Озондау
6.8.7.1 Жер бетіндегі ағынды сулардан ерекше қоспаларды: фенолдарды,
формальдегид, ББЗ және басқа да органикалық заттарды жою үшін озондау қолданылуы
мүмкін. Озондауға алдын ала механикалық және реагенттік өңдеуден кейін ағынды сулар
тартылуы тиіс.
6.8.7.2 Озонаторлық қондырғыларды жобалау және есептеу өңделетін судың
құрамына, тотықтандыратын заттардың бірлігіне (1,5-5 мг/мг фенол, формальдегид,
синтетикалық беттік-белсенді заттар (СББЗ)) озонның үлестік шығынына және оның озон-
ауа қоспасында 15-25 мг/дм
3
болуына, сондай-ақ әрбір нақты жағдай үшін технологиялық
сынақтар негізінде жүргізіледі.
Достарыңызбен бөлісу: |