6.8.9 Баромембранды үдерістер 6.8.9.1 Беттік ағынды суларды тазартудың технологиялық сұлбаларының құрамында
баромембранды процестерді пайдалануға болады:
- өлшенген, коллоидты және эмульгирленген күйдегі ластаушы заттарды жою үшін
микро-және ультра сүзгілеу;
- еріген күйдегі ластаушы заттарды жою үшін нанофильтрация және кері осмос.
6.8.9.2 Мембраналық аппараттардың жұмыс режимі, сондай-ақ мембраналық тазалау
сатысында берілетін ағынды сулардың құрамы мембраналық техниканы өндіруші
компаниялардың ұсынымдарымен регламенттеледі.
6.8.9.3 Мембраналық қондырғыларды есептеу мен жобалауды ресурстық пилоттық
сынақтардың нәтижелері бойынша және/немесе массопереностың белгілі заңдылықтарына
сәйкес жүргізу керек.
6.8.9.4 Микро - және ультра сүзгілеу қондырғыларынан шайынды сулар мен
концентратты шоғырландыратын резервуарға жіберу орынды.
Нано сүзгілеу және кері осмос концентратын өңдеу және/немесе кәдеге жарату
әдісін таңдауды жергілікті жағдайларды ескере отырып, техникалық-экономикалық
талдау негізінде жүргізу керек.