7.4 Электрмен жабдықтау
7.4.1
Су бұру жүйесінің құрамына кіретін құрылыстарды электрмен жабдықтау,
әдетте, жалпы мақсаттағы 35 кВ, 20 кВ, 10 кВ және (немесе) 0,4 кВ (6 кВ негізделген
жағдайларда рұқсат етіледі) желілерінен жүзеге асырылуы керек.
7.4.2 Су бұру жүйелерін электрмен жабдықтау екі тәуелсіз көздерден қамтамасыз
етілуі керек. Резервті автоматты түрде қосу жүйесінің қажеттілігі (РАҚ) «Қазақстан
Республикасының электр қондырғыларын орнату қағидалары» талаптарына сәйкес
жобалық құжаттамада анықталуы керек.
|