Свод правил республики казахстан



Pdf көрінісі
бет102/212
Дата16.04.2022
өлшемі3,63 Mb.
#139584
1   ...   98   99   100   101   102   103   104   105   ...   212
Байланысты:
СП РК 4.01-106-2018 (1)

9
 
ЕРЕКШЕ ТАБИҒИ ЖӘНЕ КЛИМАТТЫҚ ЖАҒДАЙЛАРДА СУ БҰРУ 
ЖҮЙЕЛЕРІНЕ (ТАЗАРТУ ҚҰРЫЛЫСТАРЫНА) ҚОЙЫЛАТЫН ҚОСЫМША 
ТАЛАПТАР 
9.1 Сейсмикалық аудандарда, қолайлы жергілікті жағдайларда ҚР ЕЖ 2.03-30 сәйкес 
ағынды суларды табиғи тазарту әдістерін қолдану керек. 
9.1.1. Тереңдетілген ғимараттарды басқа құрылыстардан кемінде 10 м және 
құбырлардан кемінде 12
D
ext
(
D
ext
- құбырдың сыртқы диаметрі) қашықтықта орналастыру 
қажет. 
9.1.2 Сорғы станцияларында құбырлардың сорғыштарға қосылу орындарында 
құбырлардың ұштарын бұрыштық және бойлық өзара жылжытуға жол беретін иілгіш 
қосылыстар қарастырылуы қажет. 
9.1.3 Су бұру жүйесімен жабдықталған объектінің аумағын ағынды сулармен су 
басудан, сондай-ақ апат кезінде жер асты сулары мен ашық су қоймаларының (су 
ағындарының) ластануынан сақтау үшін желіден басқа желілерге немесе су объектілеріне 
шығарусыз апаттық резервуарларға қайта жіберулерді (аударымдарды) (арынмен) орнату 
қажет.
9.2 Отырғызылатын шөкпе топырақтарда объектілер мен су бұру жүйелерін салуға 
жататын отырғызылатын шөкпе, тұздалған және ісінген топырақтарда ҚР ЕЖ 5.01-101, ҚР 
НТҚ 2.07-01 және ҚР ҚНжЕ 4.01-02 сәйкес жобалау керек. 
9.3 Өңделетін аумақтарда су бұру жүйелерінің сыртқы желілері мен тазарту 
құрылыстарын жобалау кезінде жүргізілетін тау-кен қазбаларынан туындайтын жер 
бетінің жылжуы мен деформацияларынан қосымша әсерлерді ескеру қажет. Тау-кен 
қазбаларының әсерлерінен қорғау жөніндегі іс-шараларды тағайындауды ҚР ҚН 4.01-03 
және ҚР ҚНжЕ 4.01-02 сәйкес жобаланатын желілер мен құрылыстарға оларды жүргізу 
мерзімдерін ескере отырып жүргізу керек. 




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   98   99   100   101   102   103   104   105   ...   212




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет