ҚР ҚЖ 4.01-106-2018 69
9.3.1 Өңделетін аумақтарда сүзу алаңдарын орналастыруға рұқсат етілмейді.
9.3.2 Өңделетін аумақтарда қорғау және олардың көлемін анықтау жөніндегі іс-
шараларды таңдау кезінде жобалау сатысында әзірленетін тау-кен-геологиялық
негіздемеде қосымша көрсетілуі керек:
- су бұру жүйелерінің желілері мен құрылыстарын, сондай-ақ алаңнан тыс
құбырлардың жекелеген учаскелерін орналастыру алаңын өңдеуді бастау мерзімдері;
- тектоникалық бұзылыстар, шахта өрістері мен күзет кентіректері шекараларының
жер бетіне (сорғы астына) шығу желілерінің құбыр жолдарымен қиылысу орындары;
- жер бетіндегі ірі жарықтар мен ойықтар бар болуы мүмкін түзілімдер аумағы.
9.3.3 Өңделетін аумақтарда тазарту құрылыстарын, әдетте, қатаң және аралас
конструктивтік сұлбалар бойынша жобалау қажет. Қатты блоктар, бөліктер жоспарындағы
өлшемдер жер бетінің деформация шамасына және іс жүзінде жүзеге асырылатын
конструктивтік қорғау шараларының, оның ішінде қажетті компенсациялық
қабілеттіліктің деформациялық жіктерінің болуына байланысты есептеумен анықталуы
керек.
9.3.4 Ағынды суларды су объектілеріне жіберу шарттары БНҚ 01.01.03-94
«Қазақстан Республикасының жер үсті суларын қорғау ережелері» талаптарын
қанағаттандыруы керек. Бұл ретте су объектілерінің өзін-өзі тазарту қабілетінің деңгейін,
олардың қысқы кезеңде толық қатып қалуын немесе шығындардың күрт қысқаруын
ескеру қажет.
9.3.5 Тазалау құрылыстарын орналастыруды, әдетте, өнімділігі тәулігіне 3 мың м
3
-
ден 5 мың м
3
-ге дейін болғанда, жылытылатын жабық ғимараттарда қарастыру керек.
Өнімділігі жоғары және тиісті жылу техникалық есептеулерде тазарту құрылыстары ашық
ауада, олардың үстінде міндетті шатырлар, өту галереялары және т.б. орнатыла отырып
орналасуы мүмкін.
9.3.6 Ғимараттар мен құрылыстар, құрылыс конструкциялары, инженерлік-
техникалық қамтамасыз етудің ішкі жүйелері (жылыту және салқындату, желдету және
ауаны баптау жүйелері, жарықтандыру жүйелері), ғимараттар мен тазарту құрылыстарын
салу және жөндеу үшін қолданылатын құрылыс материалдары мен бұйымдары
энергетикалық тиімділік талаптарына сәйкес болуы және осы мақсатта ғимараттар мен
құрылыстарды пайдалану процесінде энергетикалық ресурстардың шығынын үнемдеу
және қысқарту мүмкіндігін қамтамасыз етуі керек.
9.3.7 Ғимараттар мен құрылыстарды салу және жою энергетикалық ресурстардың ең
аз ықтимал шығынымен жүргізілуі керек.
9.3.8 Ғимарат немесе құрылыс энергияны тұтыну көрсеткіштермен сипатталатын
бірыңғай жүйе ретінде қарастырылуы керек:
а) пайдалану кезінде энергетикалық ресурстардың үлестік шығыны;
б) құрылыс конструкциялары элементтерінің және ғимараттар мен құрылыстардың
бөліктерінің, құбырлар мен жабдықтардың жылу қорғау қасиеттері.
9.3.9 Тазарту құрылыстарын салу кезінде табиғи ресурстарды ұтымды пайдалану
жөніндегі іс-шараларды жүргізу қажет:
а) өндіріс қалдықтарын және қайталама материалдарды барынша пайдалану;