Свод правил республики казахстан



Pdf көрінісі
бет105/212
Дата16.04.2022
өлшемі3,63 Mb.
#139584
1   ...   101   102   103   104   105   106   107   108   ...   212
Байланысты:
СП РК 4.01-106-2018 (1)

11
 
ӨРТ ҚАУІПСІЗДІГІ 
11.1 Тазарту құрылыстары объектілерінің өрт қауіпсіздігі жүйелерімен қамтамасыз 
етіледі:
а) өрттің алдын алу;
б) өртке қарсы қорғау;
в) ұйымдастыру-техникалық іс-шаралар. 


ҚР ҚЖ 4.01-106-2018
71 
11.2 Әртүрлі мақсаттағы ғимараттар мен тазарту құрылыстарында электр 
жабдықтарын қолдану ережесі, оның жарылыс-өрт және өрт қауіптілігінің дәрежесіне 
байланысты, сондай-ақ электр жабдықтарының өрт қауіптілігінің көрсеткіштері мен 
оларды анықтау әдістері Қазақстан Республикасының аумағында қолдануға рұқсат етілген 
мемлекеттік, мемлекетаралық, халықаралық стандарттардың талаптарына сәйкес 
белгіленеді.
11.3 Өртті сөндіру үшін пайдаланылуы мүмкін су қоймаларына (пирстерге) ені 
кемінде 3,5 м, көлемі кемінде 12x12 м алаңшалары бар кіреберістер қарастырылуы қажет. 
11.4 Эвакуациялық шығу жолдары, апаттық-құтқару қызметтерінің қол жеткізу 
орындары, өрт сатылары, өрт сөндіру машиналарын құрғақ құбырларға қосу орындары
апаттық-құтқару қызметтерінің арнайы техникасын орналастыруға арналған алаңдар 
көрсеткіштермен белгіленуі керек. 
11.5 Автоматты өрт сөндіру және өрт дабылы қондырғылары ғимараттар мен 
құрылыстарда белгіленген тәртіппен әзірленген және бекітілген жобалау-сметалық 
құжаттамаға сәйкес құрастырылуы керек. 
11.6 Тазарту құрылыстарының ғимараттарын отқа төзімділіктің II дәрежесінен төмен 
емес қабылдау керек және олар ІІІ жауапкершілік сыныбына жатқызылуы тиіс және отқа 
төзімділік дәрежесі нормаланбайтын тұнба алаңшаларын, сүзу алаңшаларын, реттеуші 
сыйымдылықтарды, су бұру желілері мен олардағы құрылыстарды қоспағанда, 
жауапкершіліктің II сыныбына жатқызу керек.
Өрт қауіпті немесе өрт-жарылыс қауіпті қоспалары бар сұйықтықтары жоқ жеке 
тұрған сыйымдылықты құрылыстар конструкцияларының отқа төзімділігі шектелмейді. 
11.7 Өрт қауіпсіздігі тұрғысынан тұрмыстық ағынды суларды айдау және тазарту 
процестері «D» санатына жатады. Бұл заттардың сипатына қарай жанғыш және жарылғыш 
заттары бар өнеркәсіптік ағынды суларды айдау және тазарту процестерінің өрт 
қауіптілігі санаты белгіленеді.
11.8 Жарылыс қаупі бар аймақтардың үй-жайларының және жарылыс қаупі бар 
аймақтармен аралас басқа үй-жайлардың жіктелуін, сондай-ақ жарылыс қаупі бар 
қоспаның санаттары мен топтарын ҚР ІІМ 2017 жылғы 23 маусымдағы № 439 
бұйрығымен бекітілген «Өрт қауіпсіздігіне қойылатын жалпы талаптар» Техникалық 
регламентіне және Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2015 жылғы 20 
наурыздағы № 230 бұйрығымен бекітілген «Қазақстан Республикасының электр 
қондырғыларын орнату қағидаларына» сәйкес қабылдау керек.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   101   102   103   104   105   106   107   108   ...   212




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет