Т. Г. Шевченко атындағы №13 орта мектеп



бет13/20
Дата23.10.2023
өлшемі163,1 Kb.
#187485
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   20
Байланысты:
a.baytrsynovty-aza-tlne-osan-les
Beige and Grey Minimalist Product Catalog Presentation-1, Презентация (5), №9 әдістемелік нұсқаулық СДЗХТ, жер жауапкершилик

Ахмет Байтұрсыновтың «Баяншы» әдістемелік нұсқауы 1920 жылы Қазан қаласының 6-шы мемлекеттік баспаханасында жарыққа шықты. Көлемі 15 бет. Таралымы 8600 дана. Еңбектің алғашқы бетінде «Қазақ мұғалімдері үшін» деп көрсетілген. Әдіскер нұсқауға жазған сөз басында: «Жаңа оқу жылымен таныс емес оқытушылар төмендегі «Қазақ дыбыстары һәм жазу белгілері» деген һәм «Дыбыспен жаттығу» деген екі сөзді оқып әліппе қалай тәртіп етілгенін көріп, оқу бастауы артық емес. Бұл екі сөз оқушылар емес, оқытушылар үшін жазылған (2, 324) – деп те көрсетеді. Бұл еңбек – ағартугының көп жыл бала оқыта жүріп, жасаған әдістемелік тәжірибесінің түйіні, тұжырымы. Оған Ахмет Байтұрсыновтың «Адамның өзіндік кәмілдік болмаған соң, ісінде кәмілдік жоқ. Сондықтан 14 жыл бала оқытып аңғарған, сезген, білген іс көргенім болса да, әліппе мінсіз болады демеймін. Ұнамсыз мінді жерін аңғарған адамдар көрсетсе, көп алғыс айтамын (2,32)»,- деуі де дәлел.

Баяншы 1920 жылы баспа жүзін көрді дедік.Бірақ әдістемелік нұсқаудың жазылуы бұдан ертерек секілді.Бұны алғаш байқаған тілші ғалым Р.Сыздықова жоғарыдағы еңбегнде былай деп жазады:1912 жылы шыққан бұл «Әліппеден»біздің көңілімізді аударатын бір мағлұмат аламыз, ол Ахмет Байтұрсыновтың «Баяншы» атты әдістемелік кітапшасы сол кезде- ақ бар екендігі. Оған мына мәтін дәлел: «Бұл алифбадағы қай харф қандай дыбыстың белгісі, олар қай орында қалайша жазылмақшы һәм балалар алифбаға түспей тұрып, дыбыспен қалай жаттықпақшы – бұлар жайын «Баяншы» деген кітапшадан қараңыз (11,30).

Баяншы 1920 жылы баспа жүзін көрді дедік.Бірақ әдістемелік нұсқаудың жазылуы бұдан ертерек секілді.Бұны алғаш байқаған тілші ғалым Р.Сыздықова жоғарыдағы еңбегнде былай деп жазады:1912 жылы шыққан бұл «Әліппеден»біздің көңілімізді аударатын бір мағлұмат аламыз, ол Ахмет Байтұрсыновтың «Баяншы» атты әдістемелік кітапшасы сол кезде- ақ бар екендігі. Оған мына мәтін дәлел: «Бұл алифбадағы қай харф қандай дыбыстың белгісі, олар қай орында қалайша жазылмақшы һәм балалар алифбаға түспей тұрып, дыбыспен қалай жаттықпақшы – бұлар жайын «Баяншы» деген кітапшадан қараңыз (11,30).

  • Тілші ғалым пікіріне біз де қосыламыз. Келтірілген үзіндіге жүйенсек, сауат аштыру, тілді оқыту әдістемесінің негізін жасауға ұмтылыс нәтижесінде әзірленген «Баяншы» еңбегі 1912 жылға дейін дүниеге келген болып шығады.
  • «Тіл жұмсар» әдістемелік нұсқауы екі кітаптан тұрады. Алғашқысы 1928 жылы Қызылорда қаласындағы Қазақстан баспасынан жарық көрген. Көлемі 45 бет. Әдістемелік алғашқы парағында: «сөйлеу, оқу, жазу тілін жұмыс тәжірибесі арқылы танытатын 1-ші кітап. Білім ордасы бірінші басқыш мектепте ұстауға ұйғарған», - деп жазылған 90 беттік көлеміндегі «Тіл жұмсардың» екінші кітабы 1928 жылы Қызылорда қаласында басылды. Еңбектің «Дәйектеме» деп аталған бөлігінде Ахмет Байтұрсынов жетекші құралдың ерекшеліктеріне жан- жақты сипаттама берді. Автор «Бұл «Тіл жұмсар» деп ат қойып отырған кітап ана тілін жоғарыда айтылған жаңа жолмен (тәжірибе арқылы білім алу) үйретуге ыңғайланып шығарылған. Мұндағы білім– «Тіл құралдағы» білім, бірақ сол білімді мұнда үйрету жолы басқа. «Тіл құрал» қазақ тілі қандай құрал екендігін тұтас түрінде таныту үшін түрлі бөлшектерін, тетіктерін ұсағын ұсағынша, ірісін ірісінше жүйелі тұрған орында алып көрсетіп танытады. «Тіл жұмсар» сол үлкен құралдың бөлшектерін, тетіктерін балаға шағындап, бөлек- бөлек ойыншық сияқты құрал жасап, соларды танытып жұмсату арқылы барып үлкен құралды танытады» (2,336) – деп бастайды. Одан әрі әдіскер нұсқау бөлімінде қамтылған мәселелерді, оларды меңгертудегі алға қойған түпкі мақсатты айқындайды. «Тіл жұмсардың» қазір екі бөлімі ғана шығып тұратынын айта келіп, 1 бөлімдегі жүргізілетін жұмыстарға мыналарды қосады.
  • 1) Әріптер мен әріп белгілерін, түрлі орында көбірек жұмсалатын сөз бөлшектері мен сөйлем бөлшектерін жаз білу.
  • 2) Дәйекті керек қылмайтын дыбыстардың әріптерін білу.
  • 3) Сөздердің жекелік, көптік түрлерін тану.
  • 4) Көбінесе, айтылатын сұрау сөздермен танысу.
  • 5) Жеңіл сұрауларға жауап жаз білу.
  • 6) Сөзге үлесетін сөз теріп ала білу.
  • 7) Оңай туатын сөздерді туғыза білу.
  • 8) Тасымалдаумен танысу.
  • 9) Сөздерді сипырға (Цифр), сипырды сөзге айналдыра білу (2,338).


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   20




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет