Жер бедерін оқи білу. Жер бедері негізгі формалардың әртүрлі үйлесімдерінен тұрады, олардың әрқайсысының өздеріне тән ерекшеліктері бар. Жер бедерінің негізгі түрлері (формалары): тау, қазаншұңқыр, ер, қырат, лощина (19 сурет).
19 Сурет Жер бедерінің негізгі түрлері: а – тау; б – қазаншұңқыр; в – қырат; г – өзек; д – ер (водораздел-су айрығы; тальвег-су ағыны)
Тау – 200 м биік құрат немесе көтеріңкі жер, егер биіктігі одан төмен болса төбе (холм) немесе шоқы (сопка) деп аталады. Таудың бүйірін немесе көлбеу жағын беткей (склон), ал табанын (основание) – тау етегі (подошва) деп атайды. Картада тау тұйықталған горизонтальдармен бейнеленеді.
Қазаншұңқыр – жер бетінің тұйықты ойыс жері, түрі конус сияқты, ең төменгі нүктесі – түбі (дно), бүйірі – беткей деп аталады. Кішкентай қазаншұңқырды – ойыс немесе ор деп атайды. Картада тұйық горизогтальдармен бейнеленеді, бергштрихтары (скатштрихи) ішіне қаралған.
Ер – ерге ұқсас, екі биіктіктің (құраттың) ортасындағы ойыс жер. Ерден екі өзек, қарама-қарсы тарайды. Таулы жерлерде ерді ерді асу деп атайды.
Қырат, арқа (хребет) – ұзындығы едәуір биік жер немесе созылған құрат, ылғыйына бір жағына аласаратын. Қыраттың екі беткейі (ылдыйы) бар, үстіңгі биік жағы суайрығы (водораздел) болып қосылады.
Өзек – созылған ойыс, беткейлері жайылымды келеді. Ең төменгі бөлігі түбі, ал түбінің ең төменгі нүктелерін қосатын сызықты тальвег немесе ағын су деп атайды. Кең немесе енді өзектерді аңғар деп атайды, олардың беткейлері жайылымды келеді. Енсіз беткейі құламалы өзекті жыра немесе сай деп атайды. Өзектер, қыраттар сияқты созылған горизонтальдармен бейнеленеді, бергштрихтары төмендну жақтарына бағытталған.