Т. М. Блисов Экологиялық картографиялау


Тақырыбы: Картография жайында жалпы мәліметтер



бет2/35
Дата08.02.2022
өлшемі1,19 Mb.
#123420
түріНұсқаулар
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   35
Байланысты:
Блисов Экол картограф
Шартты белгілер, Экол картографиялау кітап
Тақырыбы: Картография жайында жалпы мәліметтер

Мақсаты: картография туралы жалпы ұғымдармен танысу, географиялық карталардың элементтері, карталарды жіктеу, топографиялық карталардың номенклатурасы және разграфтау

Құралдар: географиялық карталар, атластар және т.б.
Тақырыпқа түсініктеме
«Карта» деген ұғым грекше chartes деген сөзден алынған, ол жазуға арналған папирус жапырағы немесе беті.
Карта дегеніміз Жер бетінің жинақталып, кішірейтіріліп картографиялық проекциямен құрылған және онда орналасқан объектерді белгілі бір шартты белгілер жүйесінде көрсеткен кескіні.
Картографиялық ұғымдар стандарты бұдан да басқа көптеген анықтамалардан тұрады:
- картографиялық өнімдер – өнім, ең негізгі бөлігі картографиялық бейнелеу (картографиялық өнімдер болып глобустар, карталар, атластар және т.б. саналады);
- географиялық карта – Жер бетінің картасы (картографиялық проекция бойынша жинақталып, кішірейтіліп көрсетілген Жер беті және оның бөліктері, онда орналасқан табиғи және қоғамдық объектер және құбылыстар, олардың жай-күйі және байланыстары белгілі бір шартты белгілер жүйесінде көрсетіледі);
- жалпыгеогрфиялық карта – жергілікті жердің негізгі элементтер жиынтығын бейнелейтін географиялық карта;
- топографиялық карта – жергілікті жердің егжей-тегжейлі картасы, онда нүктелердің жоспардағы орналасқан жерін ғана емес биіктіктегі орнын да анықтауға болады (топографиялық карталардың дәлділігі немесе сенімділігі жоғары, егжей-тегжейлі көп парақты болып келетін жалпыгеографиялық карталар, масштабтары 1:100 000 және одан да ірі, негізінен көптеген халық шаруашылығы міндетерін орныдауда кеңінен пайдалынады);
- топографиялық жоспар (план) - жергілікті жердің шектелген учаскесін кеңістікте ірі масштабта картографиялық бейнелеу, жердің деңгейден ауытқуы есепке алынбайды (топографиялық жоспарлардың масштабтары 1:500, 1:1000, 1:2000 және 1:5000);
- тематикалық карталар – мазмұны нақтылы тақырыпқа арналған карталар;
- атлас – бір идеяда біріктірілген көптеген карталардан тұратын картографиялық өнім;
- географиялық атлас – географиялық карталар атласы;
- глобус (латынша globus-шар) – бетінде картографиялық бейнеулер бар шар;
- географиялық глобус – Жер бетін бейнелейтін глобус.
Географиялық карталар масштаб, аумақтылығы, мазмұны, нысаналы пайдалануына және басқаларға қарай жіктеледі.
Масштаб бойынша былай бөлінеді: ірі масштабты (1:200 000 және одан ірі), орташа масштабты (1:200 000-нан ұсақ 1:1 000 000-ға дейін қоса), ұсақ масштабты (1:1 000 000-нан ұсақ). Жалпы географиялық карталарға қарасты бұл топтарды сәйкесті топографиялық, шолу-топографиялық, шолулық деп атайды.
Аумақтылығына қарай әлем, материктер, мұхиттар, мемлекеттер топтары, жекеленген мемлекеттер және б. карталары болып бөлінеді.
Мазмұнына қарай жалпыгеографиялық және тематикалық немесе тақырыптық болып бөлінеді.
Жоғарыда айтылғандай жалпы географиялық карталар топографиялық, шолу-топографиялық, шолулық болып бөлінеді.
Тематикалық карталар табиғи қыбылыстар карталары (физико-географиялық) – климаттық, гидрогеологиялық, геологиялық, ботаникалық, топырақтық және т.с.с. және қоғамдық құбылыстар қарталары (әлеуметті-экономикалық) – экономикалық, туризм және б.
Нысаналы пайдалануына қарай оқулық, туристік, навигациялық, әскери, ғылыми-анықтамалық болып бөлінеді.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   35




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет