Т. М. Блисов Экологиялық картографиялау



бет6/35
Дата08.02.2022
өлшемі1,19 Mb.
#123420
түріНұсқаулар
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   35
Байланысты:
Блисов Экол картограф
Шартты белгілер, Экол картографиялау кітап
Тапсырмаға түсініктеме
1 Масштаб. МаВstab - неміс тілінен алынған, өлшеу таяғы - картадағы, пландағы кесіңді үзыңдығының сол кесіңдінің нақты ұзындығына қатынасы (кесіндінің нақты ұзындығының кішірейтілу дәрежесі). Дерексіз санмен өрнектелген бұл қатынас сандық масштаб деп аталады. Мысалы: Масштаб 1:10000 - 1 см = 10000 см, немесе 1 см = 100 м. Масштаб 1:100000 - 1 см = 100000 см, немесе 1 см = 1000 м, яғни 1 см картада 1000 м нақты ұзындықтың суреті көрсетілген. Қостанай - Рудный қалаларының арасындағы жолдың ұзындығы - 40 км. Осы жолды 1:100000 масштаб арқылы көрсету үшін - 40 см кесінді қолданылады. Ал 1:1000000 масштаб арқылы көрсетілетін болса картада - 4 см кесінді жетіп отырады.
Сандық масштаб 1:1000; 1:10000; 1:100000 және т.б. немесе 1/1000; 1/10000; 1/100000 болып көрсетіледі.
Санды масштаб бөлшекпен де беріледі, оның алымы бір санына тең болады да , бөлімі жоспарда, картада ұзындық мөлшерінің неше есе кішірейтілгендігін көрсетеді немесе кішірейту мөлшеріне сәйкес келеді.
Сандық масштаб жоспардың немесе қиманың оң жақ бөлігінде, картаның оң рамкасының астында жазылады.
Кесіңдінің картадағы ұзындығы d - әріпімен белгіленеді. Кесіңдінің нақты ұзындығы D - әріпімен көрсетіледі. Мысалы: М 1:5000; D367 м; d - ?
Есептеу реті: 1 см = 50 м. d = 367:50 = 7,34 см. Картада 367 метрді 1:5000 масштаб арқылы 7,34 см - мен көрсету мүмкін.
Мысалы: М 1:10000; d = 4,6 см; D - ?
Есептеу реті: 1 см = 100 м. D = 4,6 х 100= 460 м. Картада 1:10000 масштаб арқылы 4,6 см-мен көрсетілген кесіңдінің нақты ұзындығы 460 м.
Сандық масштабтарды қолдану қиын емес, тек қолдануға ыңғайсыз (қолайсыз), себебі есептеп шығару керек, қателік жіберуге болады. Сондықтан картогрфияда көбінесе графикалық масштаб түрлері қолданылады. Сызылған кесіндінің үстінде көрсетілген масштаб - графикалық масштаб деніледі. Графикалық масштабтың екі түрі болады: сызықтық масштаб және көлденең масштаб.
Сызықтық масштаб түзу сызық түрінде кескінделеді де, ол сызық жердегі м, км орнына жүретін ұзындық бірлігіне (мм, см) бөлінеді (2 сурет).
Сонда, сызықтық масштаб анықтамасына тоқтала отырып, сызықтық масштаб құру үшін , қалап алынған түзу сызық бойына сызықтық масштабтың негізі-основание болып табылатын тең ұзындықтар кесінділерін жалғастыра жүргіземіз. Сызықтық масштабтың негізі әдеттегіше 1 және 2 см тең болады. Сонан соң, сол жақтағы шекті кесіндіні өзара он бөлікке бөледі және оның оң шетін 0 деп жазады.
2 суретте сызықтық масштаб құрылған, негізі 2 см және оның үстіңгісі 1:10000 сызықтық масштабқа, ал астыңғысы 1:5000 сызықтық масштабқа сәйкесті.
0-дің оң және сол жағына бір, екі және т.с.с. негіздерге сәйкесті жергілікті жердегі метр сандары жалғастыра жазылады.
Мысалы, 1:5000 масштабында (1 см-де 50 м) нөлдің оң жағында сәйкесті 100, 200, 300 және т.с.с метр сандары жазылған, ал сол жағында 0-ден 100-ге дейін.



2 Сурет. Сызықтық масштаб
Сызықтық масштаб арқылы мыналарды анықтауға болады:
- сызықтық масштабтың санды масштаб 1:5000 бірлігіндегі жергілікті жердегі сызықтың ұзындық өлшеміне – 325м сәйкес келетін, жоспардағы кесіндісі циркуль ашасы арқылы көрсетілген;
- сызықтың жергілікті жердегі ұзындығына сәйкесті оның жоспардағы кесіндісінің мөлшерін анықтау. Мысалы М 1:10000-та масштабта сызықтың жергілікті жердегі ұзындығы 550м, ал циркуль ашасымен көрсетілген мөлшері бұзылмай жоспарға салынады.
Дегенмен кей-кезде сызықты масштабты пайдаланғанда оның ең кіші бөлік үлесін көз қарасымен немесе жобалап алынады, осыған орай оның төменгі дәрежедегі дәлдігі пайдалануын шектейді.
Сызықтық масштаб план немесе картаның оң жақ бөлігінде құрылады.
Жалпы адам көзінің көру қабілеттігіне байланысты қағазда 0,1 мм кесіндіні айыра алады, ал мұндай дәлдікті көлденең масштаб бере алады.
Көлденең масштабты әзірлеу үшін сызықтық масштабтың табаны қолданылады. Бірақ өте кіші кесінділерді көрсету үшін тік сызықтары да қолданылады. Сызықтық масштабтын ең кіші бөлігі 10-20 м тең болатын болса, көлденең масштабтын ең кіші бөлігі 0,5-2 м тең бола алады. Мысалы: М 1:5000 сандық масштабқа сәйкес көлденең масштаб әзірлейік. 1 см = 50 м.(3 сурет).


3 Сурет. Көлденең масштаб
100 м көрсету үшін 0-дін сол және он тарапында 2 см кесінділер қолданылады. 0-дің сол тарапы 10-ға бөлінеді. 100 / 10 = 10 м. 10 м кіші болған кесіндіні көрсету үшін жоғарыға қарай 2 см тіктер орнатамыз. Бұл тіктер де 10 бөлімшеге бөлінеді. Сонан кейін масштабтың табанындағы 0 нүктесі жоғарыдағы 1 нүктесімен, 1 нүктесі жоғарыдағы 2 нүктесімен, солайша қалғандары да .....табандағы 9 нүктесі жоғарыдағы 10 нүктесімен көлбеу сызықтар-трансверсальдар арқылы қосылады.
3 суреттен ab кіші табаны АО табанының 1/10 бөлігі немесе 2 мм екенін байқауға болады, үйткені АО=ОВ=ВС=...= 2 см, ал ұқсас үшбұрыштар Oab және Ocd –дан көлденең масштабтың ең кіші бөлігі cd – кіші табан ab-ның 1/10 бөлігі және масштаб табаныңың 1/100 бөлігі немесе 0,2 мм.
Жалпы адам көзінің көру қабілеттігіне байланысты қағазда 0,1 мм кесіндіні айыра алады, олай болса 0,1 мм-ге тең болатын ең кіші бөліктің жартысын масштабтың графикалық дәлдігі деп атайды.
Жоспарда немесе картада берілген масштабта 0,1 мм-ге сәйкесті жергілікті жерде метрмен көрсетілген қашықтығы немесе кесінді ұзындығы масштабтың сенімділігі деп аталады.
Ең кіші бөлігі табаныңың 1/100-не тең көлденең масштабты жүздік немесе нормалды масштаб дер атайды.
Сандық масштабтың сенімдік дәрежесін білу үшін бөлгішін 10000-ға бөлу керек немесе масштабтың ең кіші бөлігінің жартысы.
Масштабтың сенімдік дәрежесінің мәні:
Масштаб сенімділігі сол жердегі қажетті заттарды қағаз және картаға түсіру үшін қандай масштаб қолдану керегін анықтауға жағдай жасайды.
Жергілікті жерде өлшенген сызық ұзындығын белгіленген масштабта жоспарға қалай салу керек екені төменгі мысалда келтірілген.

Мысалы. Жергілікті жердегі ұзындығы 224,57м сызықты жоспарға салу керек.. Бұл масштаб бойынша жоспардағы 1 см жергілікті жерде 50 м-ге тең болады. Масштабтың табаны 2 см болғандықтан бір табаны 100м сәйкес келеді, кіші бөлігі 10 м, ең кіші бөлігі 1 м-ге тең болады, ал масштаб сенімділігі 0,5 м. Олай болса сызықтың ұзындығын сенімділігіне байланысты дөңгелетеміз (224,57 м-дің орнына 224,5 м саламыз). Бұл сызықты салу үшін циркуль-өлшегішпен екі негізін аламыз (200 м), содан кейін өлшегіштің сол инесін солға қарай екі кіші негізге жылжытамыз (20 м) және өлшегішті жоғарыға 4,5 бөлікке көтереміз (4,5 м). Сонымен бірге сол жақ ине көлбеу сызықпен немесе трансверсальдар, ал оң ине вертикаль бойынша жылжуы керек және екі инеде бір деңгейде болуы керек. (4 сурет).


4 Сурет. Ұзындығы 224,57 м сызықты көлденең масштабта салу


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   35




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет