Мониторинг
Мониторинг ғылыми танудың формасы ретінде келесі ойлау
операцияларымен:
талдаумен,
синтезбен,
салыстырумен,
139
абстрактілаумен, нақтылаумен, жалпылаумен және т.б. байланыста.
Сонымен қатар, қоршаған ақиқат объектілерін толық тануды қамтамасыз
ететін қызмет түрлері, әрекеттер мен шаралар меңгерілуі қажет.
Мониторинг [ағылшын тілінен аударғанда мonitor – бақылау,
тексеру]- бұл объекттерді, үдерістерді, құбылыстарды бағалау, бақылау,
болжау және қалаған бағытта дамыту мақсатымен олардың жағдайын
тұрақты немесе периодты бақылаумен байланысты болатын қызмет.
Білім беру мониторингі жиі дамуды бағалау, жетілдіру және
болжау мақсатымен педогогикалық жүйе қызметі туралы ақпаратты
жүйелі бақылау, жинау,сақтау, өңдеу,талдау және тарату ретінде
анықталады.
Бұл жұмыста [151] педогогикалық мониторинг деп білім беру
жүйесінің мақсатын,мазмұнын, формасын, шараларын, дидактикалық
және техникалық құралдарын, оқыту, тәрбие және тұлғаның және
ұжымның дамуы қарастырылатын білім беру жүйесінің жұмыс істеу
және даму тиімділігінің сапалық және сандық сипаттамаларының
жүйелілік диагностикасы ретінде анықталады.
Педогогикалық
диагностиканың
қызметтері:
ақпараттық,
аналитикалық,
уәждемелік,
бағдарлы,
болжамдық,
жүйке-
диагностикалық бағалау және коррекциялық деп бөлінеді.
Біздің көзқарасымыз бойынша, әдебиетте білім алушылардың
мониторингтік қызмет біліктілігі мен машығының түзілу проблемасы
жеткіліксіз жанданған, алайда, кәсіби білім беру ұйымдарында сұрақтар
меңгеріледі,
мысалы,
экологиялық
мониторингтың,
қаржылық
мониторингтың, құқықтық мониторнгтың және т.б.
Мониторинг жүйелілік тәсілді және бір бөлігі 6.2.2 суретінде
көрсетілген, қызметтер мен әрекеттердің қосындысын жүзеге асыруды
болжайды. Бұл өз кезегінде қажетті білім, біліктілік, машық және
компетенцияларды мақсатты және белсенді қалыптастыруды талап
етеді.
Мониторингтік қызметтің негіздері бастауыш мектепте балаларда
байқампаздығы қалыптасу кезінде орнығады, бірақ болашақта
мониторинг төңірегіндегі білім мен біліктіліктің қалыптасу проблемасы
жанданбайды.
Ұсынылған оқулықта (ұсынылған әдістерде)мониторингтік қызмет
біліктілігі мен машығының қалыптасуы үшін нақты бір жағдайлар
туындайды: меңгерілетін объект жағдайының мониторингін іске асыру
кезінде, қарастырылатын объектті талдау процесінде бір уақытта
анықталған ақпараттың жүйелі құрылымдалуы, меңгерілуі және
«тежелген» күйде ұсынылуы процесінде. Мәтінді талдаудан, сонымен
қатар, анықталған ақпаратты синтездеу және жалпылаудан кейін,
онымен жұмыс жасау кезінде объекттердің, олардың жағдайларының
өзгеріс динамикаларының мониторингін өткізу ұсынылады.
140
Мысалы, Қазахстан тарихын меңгеру кезіндегі эксперимент
төңірегінде білім беру субъекттілеріне қазақстандық мемлекеттіктің
қалыптасу процесінің мониторингін жүргізу және басқа да тапсырмалар
тапсырылды. Бұл кезде бағалау критерийі ретінде тек мониторинг
нәтижесі ғана емес, сонымен қатар, меңгерілетін ақпараттың сәйкес
өткізілуі тиіс талдауы, қажетті синтезі, жалпылауы, жүйелендіруі
қарастырылды.
Білім алушыларға, мысалы, географияны меңгеру кезінде (өзіндік
жұмыс ретінде) қоршаған ортаны қорғау төңірегіндегі заңнаманың
мониторингін өткізу ұсынылды. Оқу ақпаратын бақылау және меңгеру
процесінде олар осы заңнаманың даму этаптарымен және заңнама
актілерінің келесідей түрлерімен танысу керек болды: су ресурстарын
қорғау және оңтайлы қолдану төңірегінде, өсімдік және жануарлар
әлемін қорғау, жаңғырту және оңтайлы және т.б.
●
Болжам
.
Болжам
[ағылшынша
forecasting,
prediction,
грекше
prognosis
]болашақтың озық бейнесі, нақты объекттің немесе оның өткен
шақтағы немесе болашақтағы жағдайын талдау негізіндегі оқиғаның
динамикасының тенденциясын анықтауға бағытталған танымдық
қызметтің түрі ретінде ұсынылады [145].
Педагогикалық болжам оқу-тәрбиелік қызметтің мазмұнын,
әдістерін, құралдарын және ұйымдастырушы формаларын оңтайландыру
мақсатымен сәйкес педагогикалық объекттердің дамуы туралы сеніиді
озық ақпаратты алуға бағытталған ғылыми зерттеулердің арнайы
ұйымдастырылған кешені ретінде анықталады.
Болжамда ажыратылады:
- болжамның ассоциативті әдісі (өзінің дамуында озық объектті
табиғаты бойынша бірдей болжам объектісінің аналогиясын орнату мен
қолдануға негізделген);
- болжамның экстраполяционды әдісі (болжам объектісінің өткен
және қазіргі даму тенденцияларын болашақта сақтау туралы тұспалға
негізделетін).
Педагогикалық болжамда педагогикадағы ғылыми болжаудың
келесі
қызметтері
іске
асуы
мүмкін:
басқару,
түрлендіру,
дүниетанымдық, теориялық, әдістемелік, жүйе тудырушы, интегративті,
коммуникативті [145].
Ұсынылған оқулық төңірегінде болжам келесі жағдайларда орынға
ие:
- білім алу және болжалды нәтижелерді анықтау мақсаттарын
қалыптастыру кезінде;
- параграф, тарау, бөлім және жалпы оқулық мәтінін меңгеру
кезінде;
- мәтінге енгізілген, бірақ пән тікелей қатысы жоқ объекттерді
меңгеру кезінде;
141
- меңгерілетін объект жүйесінің жағдайын меңгеру кезінде;
- қарастырылатын объектті талдау процесінде бір уақытта
анықталған ақпараттың жүйелі құрылымдау, меңгеру және «тежелген»
күйде ұсыну кезінде;
- гипотезаны қалыптастыру және т.б. кезінде.
Білім алушылардың қызметіндегі пәндердің, құбылыстардың,
процестердің, жағдайын болжаудың әртүрлі әдістерін іске асыру
қажеттілігі, ең алдымен, оларда болжамдық ойлаудың қалыптасу
талабына негізделеді.
А.Н.Аверьянов әлемді жүйелі тану сұрақтарын қарастыра отырып,
болашақ факторын ұмыту немесе елемеу өте жағымсыз салдарға
апаратынын көрсетеді. Сонымен бірге адамдар өткен шақта жіберіп
алған жаңсақтықтарды өшіру үшін және болашақты есепке алмай
құрылған материалдық немесе рухани жүйелерді қазіргі шақтың
қажеттіліктеріне сәйкестендіру үшін қосымша күш жұмсауға мәжбүр
болады[71].
Нақты білімнің жүйелілігі өзінің мазмұнында меңгерілген
объекттердің сипаттамасы, сонымен қатар, олардың болашақ
жағдайының болжамы болатынын меңзейді. Аспектінде осы білімдер
қалыптасқан, бұл жағдай, сонымен қоса, әлде бір мақсатпен объект
туралы қарастырылатын ақпаратың нақты бір байланысы бізге озық
ақпарат ретіннде «қарапайым» ақпаратты қолданудың нақты
құбылыстары туралы айтуға мүмкіндік береді.
Танымдық процесс кезінде кез келген мақсат өзін меңгерілетін
объекттің болашақ жағдайы ретінде ұсынады.
Мақсаттың бар болуы, егер ол стратегиялық болса, мұндай процесті
озық танымдыққа жатқызуға мүмкіндік береді. Қоршаған қызмет
объекттілерін олардың болашақ жағдайы аспектінде тану озық болып
табылады.
Озық тануды іске асырудың маңызды талабына субъектіде
танымдық өзін-өзі басқарудың нақты біліктілігі мен машығының,
болжамдық және жүйелі ойлаудың болуы, сонымен қатар, танымдық,
теориялық, тәжірибелік және басқа да қызметтіндегі жүйелі тәсіліның
болуы жатқызылады.
Осыған орай жүйелі тәсілдің, жүйелі және болжамдық ойлаудың
біліктілігі мен машығының қалыптасуы мүмкіндігінше озық болуы тиіс.
[105].
●
Достарыңызбен бөлісу: |