191
атасының еліне шабуыл жаса деген әмірін оқығанда, Османның
қолынан хат түсіп кетті. Басына жай түскендей болып, не істерін
білмеді.
Біраз ойланып, Әл-Ғафиқиге бұл ойынан бас тартуды өтініш
етіп хат жазды. Хатта былай деді:
– Мен Аквитанияның герцогымен жасасқан келі сім-шартты
уақыты бітпей бұза алмаймын.
Мұны естіп, Абдуррахман Әл-Ғафиқи ашудан өрте ніп кете жаз
-
дады.
– Франктармен әміріңнің рұқсатынсыз жасаған ке лісімді әмір
және мұсылмандардың әскері мойын да майды. Саған берілген бұй
-
рықтарды
кідірмей, бұл жытпай орындауың керек!
Ибн Әбу Нусға әкімді айтқанынан қайтара алмайтына көзі
жетіп, үміті үзілгеннен кейін, қайын атасына шабарман жіберіп,
не болғанын хабарлады. Оған қаруыңды дайындап, атыңды ерттей
бер деді.
Бірақ Абдуррахманның тыңшылары Ибн Әбу Нус ғаның әрекет
-
терін бақылап, әкімге дұшпанмен қатынас жасап жатқаны жайлы
егжей-тегжейлі хабарлап отырды.
Әл-Ғафиқи алдын-ала күшті әскерлерді таңдап, олар дан арнайы
жасақ құрып, тәжірибелі сардарлардың бірін басшы етіп тағайын
-
дады. Оған Осман ибн Әбу Нусғаны тірі немесе өлі күйінде алып
келуге әмір берді. Жасақ Ибн Әбу Нусғаның қосынына білдірмей
келіп, ұстап алмақшы болды. Алайда ақырғы мезетте біліп қалған
Осман бірнеше сарбаздарымен қашып үлгерді. Әрине, қасынан
бір елі қалдырмайтын сұлу әйелін өзімен бірге алып кетті. Жасақ
олардың соңына түсіп, қоршауға алды. Осман өзін және әйелін,
баласын арыстанша қорғады. Қасық қаны қалғанша қар сылық көр-
сетті. Өлгеннен кейін денесінен басын кесіп алуға кел ген әскерлер
денесінің қылышқа шабылып, найзаға түйреліп түгі қалмағанын
көрді. Әскерлер оның басын және сұлу ханшаны Абдуррахманға
әкеп берді. Алдына келгенде оның қаншалықты сұлу еке нін көрген
әкім көзін алып қашып, әрі қарай сұлулығын байқамауға тырысып
бақты. Тездетіп халифа орта лы ғына сыйлық ретінде жіберуге әмір
берді.
Сұлу ханшаның өмірі Дамашықта Үмәйяһ ұрпа ғы ның табалды
-
рығында бітті.