2-жүргізуші: Бір ақын айтқан екен «Адам баласының дүниеде шашатын жемісі-мәңгілік мейірімді қызмет» деп. Міне сол ақын айтқан адамдық диқаншысы-Ахмет байтұрсынұлы еді...
1-жүргізуші: «Балалар құтты болсын тілің бүгін,
Ашатын жан сарайын білімдінің.
Кешегі анаң айтқан, бабаң айтқан
Тіліне зер аслыңдар бұрынғының»
демекші, ендігі кезекті оқушыларға берелік.
Ақын өлеңдері оқылады. Ортаға
2-жүргізуші: Орыстың тәржіме еттім мысалдарын,
Әзірге қолдан келген ос барым.
Қанағат азға деген , жоққа-сабыр,
Қомсынып қоңырайма, құрбыларым!
1-жүргізуші:
Бұлсөзді біреу алмас, біреу алар,
Құлағын біреу салмас, біреу салар.
Теп-тегіс көпке ұнау оңай емес,
Кейіне жарамаса , кейіне жарар.
Қайсысы ықыласын салып тыңдар,
Жаратпай қайсібірі теріс қарар.
Дүниеде сүйгенім бар, күйгенім бар,
Солардан аз да болса белгі қалар.
Ән оындалады.
2-жүргізуші: -Қазағым , елім,
Қайқайып белің
Сынуға тұр таянып
Талауда малың,
Қамауда жаның,
Аш көзіңді оянып» деп халқын келешекке бастаған ақынды ашындырған-патша заманының зұлым саясаты, зорлық-зомбылығы,қорлығы еді.
1-жүргізуші:-Сонау қылышынан қан тамған қаһарлы жылдары жазықсыз мыңдаған адамдар «Халық жауы» деген жаламен айыпталып, жер аударылып кетті. Кейбір деректерге қарағанда 6 млн. адам қуғын-сүргінге ұшырап, оның 900 мыңдайы атылған. Сондағы 25 мыңға жуық қазақтың ішінде бес арысымыз Жүсіпбек Аймауытұлы, Ахмет Байтұрсынұлы, Міржақып Дулатов, Мағжан Жұмабаев, Шәкәрім Құдайбердіұлы болған еді.
2-жүргізуші: ...Адам өмірінде болатын аумалы-төкпелі уақыт қайғысымен де, қуанышымен де ерекше айқындалатын болса керек. Ахмет Байтұрсынұлы тағдыр толқындарынан, қайғы-қасірет сілкіністерден, тар жол тайғақ кешулерден өткен еді...
Достарыңызбен бөлісу: |