Тақырыбы: Ахмет Байтұрсынұлы – кемеңгер қоғам қайраткері Мақсаты


"Ахмет тағылымы" Ашық тәрбие сағаты



бет10/13
Дата08.12.2023
өлшемі109,95 Kb.
#195578
түріПрезентация
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   13
Байланысты:
ахмет байтұрсынұлы

"Ахмет тағылымы" Ашық тәрбие сағаты
Мақсаты: қазақ халқының әлеуметтік, саяси, мәдени , тарихи өмірінде орны айрықша зор тұлға-Ахмет Байтұрсынұлының халықтық тәлім-тәрбиелік ойларының негізінде оқушылар бойына адамгершілік, ұлтжандылық, отансүйгіштік қасиеттерді дарыту; ақын, қоғам қайраткері, педагог-ұстаздың құнды мұраларын дәріптеп, жас ұрпақты ұлттық рухта тәрбиелеу. Көрнекілік: Ахмет Байтұрсынұлының портреті, кітап көрмесі, ақынның қанатты сөздері.
Тәрбие сағатының өту барысы:
...Күңірене шыққан күй әуені. Сахнада оқушы Ахметтің ролінде, ақынның «Маса-сөз иесінен» өлеңін оқиды. (сахнада музыка үні әуелейді де бәсеңдейді) 1-жүргізуші: Ахмет Байтұрсынұлы...Осы бір есім елге таныс болғалы «Мен-қазақпын» деген азаматтың бір селт етпейтіні жоқ та шығар.
Құрметті ұстаздар, оқушылар! Бүгінгі тәрбие сағаты Ахмет Байтұрсынұлының шығармашылық өміржолына арналады.
2-жүргізуші: Ахмет Байтұрсынұлы-қазақ әліпбиінің реформаторы, қазақ филологиясы мен өнертанушының негізін салушы ғалым, таза қазақ емлесімен шыққан газет «Қазақтың» (1919-1918 ж.) тұрақты редакторы, көрнекті ақын, аудармашы, публицист-журналист, ірі қоғам қайраткері, ағартушы-ұстаз, этнограф, фольклорист, композитор әрі орындаушы...
1-жүргізуші: Ахмет Байтұрсынұлы-қазақ ән-күй өнеріне де терең ой жіберген ғалым. А:В.Затаевичтің айтуынша, ол шебер домбырашы, әнші болған. Халық әндерін, күйлерін жинаған және олардың шығу тарихын да білген.
Ақынның өлеңдері оқылады. Ортаға
2-жүргізуші: Бір басында сан-салалы өнер тоғысқан тілегей-теңіз энцикло-педиялық білім иесі, қайшылығы мол тартысты ғұмырында қараңғы қалың елін жарқын болашаққа бастаудан асқан бақыт бар деп білмеген ірі тұлға, халықтың рухани көсемі.
1-жүргізуші: Жөн көрсеттім қазақ деген намысқа,
Жөн сілтедім жақын емес , алысқа
Өзге жұрттар өрге қадам басқанда 
Дедім: «Сен де қатарыңнан қалыспа!»
Ақынның өлеңдері оқылады. Ортаға


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   13




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет