Сабақ тақырыбы: «Достығымыз жарасқан!»
Күні: 30.04.2022
Мектеп: №43
Мұғалімнің есімі: Сұлтан Қыдырәлі
Сынып: 6 «В»
Қатысқандар саны: 24
Қатыспағандар саны: 0
Әдіс-тәсілдер: Сұрақ-жауап, әңгімелеу, ойын, көрнекілік, рефлексия, түсіндіру.
Сабақтың негізделген мақсаты (мақсаттары): Еліміздің өсіп өркендеуіне өз үлестерін қосып келе жатқан ұлттар мен ұлыстардың арасындағы достық пен ынтымақтастықты дәріптеу.Қазақстан халқы ассамблеясының еліміздің саяси тұрақтылығын қамтамасыз етудегі алатын орнын атап көрсету. Отанды сүюге, достық, ұлтжандылық, ұлтаралық қарым –қатынас мәдениетіне тәрбиелеу.
Көрнекілігі: бірлік, татулық туралы нақыл сөздер, шарлар, гүлдер, плакаттар.
Шаттық шеңбері (оқушылар шеңбер құрып бір біріне сәттілік тілейді)
Топқа бөлу
Балалар «Достық» дегенді қалай түсінесіңдер? (2-3 бала тұрып өз ойын айтады)
Балалар кім біледі достықтың қандай түрлері болады? (2-3 бала тұрып өз ойын айтады)
Қазақтың байтақ даласы бүгінде 130-дан артық ұлт өкілдеріне ортақ отан болып тұр, бұл еліміздің ұлы ел екенінің дәлелі. Сол себепті де 1 мамыр – халқымыздың бірлігі күні болып есептеледі.Әрі бұл күн, Қазақстан халқы үшін ең ірі мерекелердің бірі. Еліміздің барлық өңірлерінде дерлік 1 мамыр тойланады. Мақсаты, ел ішіндегі түрлі ұлт пен дін өкілдерінің бір-біріне деген сый-құрметін арттырып, татулықты, бірлікті, ортақ құндылықтарды насихаттау.«Бірлік болмай тірлік болмас» деген атам қазақ. Берекені көздеген ел мерекелі тірлік жасаудан жалықпаған.. «Береке бастауы бірлік, ел іші тату тірлік» қағидасын ұстанған ел үшін бұл мейрамның орны ерек.
Топтық жұмыс:
1-топ: Достық туралы жаттау
2-топ: Достық туралы кішкене ертегі
3-топ: Достық туралы жаңылтпаш
Келесі кезекті бүгінгі күнге арналған жаттауларға береміз
Айбар: Мой первый друг, мой друг бесценный!
И я судьбу благословил,
Когда мой двор уединенный,
Печальным снегом занесенный,
Твой колокольчик огласил.
Молю святое провиденье:
Да голос мой душе твоей
Дарует то же утешенье,
Да озарит он заточенье
Лучом лицейских ясных дней!
Назерке:Your head is wild with books, Sybil,
But your heart is good and kind—
I feel a new contentment near you,
A pleasure of the mind.
Glad should I be to sit beside you,
And let long hours glide by,
Reading, through all your sweet narrations,
The language of your eye.
Назерке:Бірлік керек, бірлік керек, ағайын!
Елдің басын біріктірер әрдайым.
Ал болмаса ашу-ыза бойда бар,
«Әйт ! Әйт !» десе қырқысардай жағдайың.
Қайран қазақ, арлы қазақ, қалай-ай,
Қалпақпенен ұрып алды.....
Өзің түгіл көлеңкеңнен қорқатын,
Орыс, қытай айдап салды-ау жоңғарды-ай.
Бірлік керек, бірлік керек, ағайын!
Аса түссін бибітшілік жағдайың.
Елбасың да, ел-жұртың да, құтты бол,
Алатаудай мызғымайтын сынбайтын!
Бірлік керек, бірлік керек, ағайын!
Әділет:Нәсілдерге нәсіл болсын нұрлы күн,
Ынтымақтың шертсем деймін бір жырын,
Татулығын жырға қосам ұлттардың
Мақтан қылып ұлыстардың бірлігін.
Достық тапса діндер менен ділімді
Салт-дәстүрлер сыйға ұласты бүгінгі,
Бір туғандай ұлтаралық келісім
Бір көтерген басқа түскен жүгімді.
Серт берісіп туыс болып қалуға
Нәубеттерден аман жеттік дамуға,
Байтақ елдің биік ұстап байрағын
Біздің достық мәңгі болып қалуда.
Қазақ халқы өз тарихында көптеген қиын да азапты бел – белестерді басынан кеше отырып сол кезеңді желбегейдей желпіп тастап, түнерген түнді жара шығыстан жарқырап атқан таңдай болып, Тәуелсіздіктің дәмін тата, алдыға нық баса адымдауда.Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев 2005 жылғы Қазақстан халқына жолдауында былай деді: «Біз ұлтына, діни наным- сенімдеріне қарамастан әрбір қазақстандыққа салт- дәстүр, мәдениет пен дінді таңдауға ерік беретін еркін әрі ерікті қоғамның негіздерін нығайтуға тиіспіз». Осы жолдауын басшылыққа ала отырып Қазақстанда тұратын 130-дан астам этнос мемлекетіміздің өсіп өркендеуіне бір кісідей қосуда.
Алдарыңызда «Өзбек биі»
Достарыңызбен бөлісу: |