«Толағай» спорттық сайыс.
Тақырыбы: «Толағай» спорттық сайыс
Мақсаты: Машықкерлер мен тәрбиешілерге жағымды көңіл-күй сыйлап, топ арасында, тәрбиешілер мен машықкерлер арасына жақсы қарым-қатынас сыйлау, татулықты нығайту, денсаулықты сақтап, алғыр ірі білгір бола түсуге сайыс арқылы септігінің тигізу.
Ашылуы:
Жəудір: Салем достар!
Динара: Армысыздар құрметті көрермендер!
Жəудір: Құрметті балабақша тəрбиешілері, машықкерлер Бүгінгі «Толағай» спорттық сайысымызға қош келдіңіздер
Уа халқым назар аудар денсаулыққа
Өмірде бақыттысың дені сауда
Денсаулық терең бақыт деген сөзді
Құр айтпаған ұлы Абай данамызда
Динара: Шынықсаң шымыр боласың,
Сауығып айдай толасың.
Спортты серік ете біл,
Жақсы азамат боласың.
Жеңімпаз болу оңай ма,
Арман болған талайға?
Болмасаң да ұқсап бақ,
Жарысқа түсіп қалайда.
Жəудір: Әр таңды бақытпенен аттырамыз
Өнерді ой көгінде бақылаңыз,
Сайысқа қатысуға енді ортаға
Қошеметтеп «Барыс»тобын шақырамыз.
Динара: Салауатты өмір салтын сақтайтын
Жаттығудан ешқашан да қашпайтын
Қыран тобы келді бүгін сайысқа
Өз топтарын жақтайтын - деп ортаға «Қыран»тобын шақырамыз
Жəудір: Ұстанған салауатты өмір салтын
Жасқанып ешқашанда мойымайтын
Болашақ спортшылар келді ортаға
Қол соғып қарсы алайық «Тұлпар» тобын
Динара: Ал, құрметті халайық!
Жарысты енді көріңдер
Әділ қазы алқасы
Әділ баға беріңдер!
Сайысты бастамас бұрын, сайысымызға әділ баға беретін әділқазылар алқасымен таныстырайық.
----------------
Жəудір: Спорттық сайысымыз 5 балдық жүйемен бағаланады.
Сайыстың бағдарламасы 6 кезеңнен тұрады
І кезең: «Таныстыру»
(Топты таныстыру, ұраны)
ІІ кезең: «Кеңгуру» сайысы
(Үлкен батуд резеңкі доптың үстіне отырып секіріп барып есеп шығару)
ІІІ кезең: «Кім жылдам» сайысы
(Крукты айналдырып барып жұмбақ шешу)
IV кезең: «Көпірден өту»
(Тақтайша арқылы жер баспай жүріп келу)
V кезең: «Ептілік сайысы»
(Шелектегі суды қасықпен тасу)
VI кезең: Секіртпемен жүгіру
(Секіртпемен кедергілер арасымен секіру)
Әр кезеңнен кейін әділ қазылар өз бағаларын береді.
Құрметті сайыскерлер! Сіздерге сәт сапар!
Бірге: Сайысымызды бастаймыз.
Динара: Сайысымыздың бірінші бөлімі «Таныстыру»
Бейбарыс тобы топтың ұраны: (4 адам)
Жеңістерге бет алдық
Спортта сұлтан атандық
Жетсін деп топ мақсатқа
Бейбарыс деп атадық
Бейбарыс тобы алға, алға
«Қыран»тобының ұраны. (4 адам)
Қыран тобы алға биіктерге самға
Толағайда топ жарып жеңістерді
Жалға алға, алға, алға
Тұлпар тобының ұраны: ( 4 адам)
Тұлпар болып самғаймыз,
Жарыстан еш қалмаймыз.
Жəудір: Құрметті әділқазылар сайыстың бірінші бөлім бойынша бағаларыңызды
беруіңізді сұраймыз.
Шынықсаң шымыр боласың,
Сауығып айдай толасың.
Спортты серік ете біл,
Жақсы азамат боласың.- деп келесі екінші бөлімге көшеміз
«Кеңгуру» сайысы
Шарты. (Үлкен батуд резеңкі доптың үстіне отырып секіріп барып есеп шығару)
Динара: Әділқазылар сайыстың екінші бөлімі бойынша бағаларыңызды
беруіңізді сұраймыз.
Спорт көркі өмірдің, спорт досың серігің - деп
Сайысымыздың 3 бөліміне көшейік «Кім жылдам»
Шарты: Крукты айналдырып барып жұмбақ шешу»
Жəудір: Сайысымыздың 4 бөлімі «Көпірден өту»
(Тақтайша арқылы жер баспай жүріп келу)
Әділқазылар сайыскерлеріміздің ұпай санын көтерейік.
Əн: «Қазақ жігіттері». Орындайтын: Коляр Ақерке
Динара: Топтар міне отыр сынға түскелі
Сыналмақшы ептілікпен күштері, олай болса
5 кезең «Ептілік сайысы»
Шарты: Шелектегі суды қасықпен тасу
Жəудір: Спорт десе таза біздің арымыз
Жалындайды жанымыз
Олай болса 6 - сайыс «Секіртпемен жүгіру»
(Секіртпемен кедергілер арасымен секіру)
Динара: Жарыс заңы ежелден -
Жеңімпазды анықтау
Жеңімпаз болу шарты сол -
Еңбектену, жалықпау
Біреу озса сайыста,
Біреу артта қалады
Жеңілгендер ренжімей
Тараса бізге жарады - демекші сайысымыздың шарттары бойынша қорытынды
шығарып жеңімпаздарды анықтау үшін, марапаттау сөз әділқазыларға беріледі.
Жəудір: Құрметті қонақтар! Келгендеріңізге көп - көп рахмет. Келесі кездескенше.
«Толағай» әні орындалады.
Достарыңызбен бөлісу: |