Жамбыл облысы Меркі ауданы Гранитоогор мектеп-интернаты
Тәуелсіздік таңы
Ашық тәрбие сағаты
Дайындаған: Касымова Р.Б
Ашық тәрбие сағаты
Тақырыбы: Тәуелсіздік тұғырым
Мақсаты:
Еліміздің тәуелсіздік алу жолындағы
ата-бабаларымыздың ерлігін паш ету, оқушыларғажелтоқсан құрбандарымен, желтоқсан оқиғасына қатысқан аға-апалардың ерлігін үлгі етіп көрсету.
Оқушылардың туған өлкемізге деген сүйіспеншілігін, сезімдерін ояту.
Елін, жерін сүюге, Отанын қастерлеуге, шыншылдыққа тәрбиелеу.
Көрнекілік: Интербелсенді тақта, шарлар, түрлі жайма қағаздар.
Кіріспе
-Қазақстан Республикасының гимні. Хор.
(Боран, дауысы).
Мұғалім сөзі
Тәуелсіздік бізге оңай келмеді.
Жұртым менің не қиындық көрмеді?
Жылап тұрып аналарым бұл жолда ,
Сан перзентін қара жерге жерледі.
-Тәуелсіздік таңы атты, тәуелсіздік күніне арналған ашық тәрбие сағатымызға қош келдіңіздер!
Тәуелсіздік бізге оңай келмеді.
Асау аттай өз тізгінін бермеді.
Қазағымның алтын басын иілтіп,
Талай дұшпан төрімізге төрледі.
Мұғалім сөзі
1986жылы 16-желтоқсанда таңертең, Алматыда жаппай толқу басталды. Жастар алаңға жинала бастады. Алаңда «Біз қазақ, ежелден еркіндік аңсаған», «Әрбір ұлтты өз көсемі басқарсын», «Тәуелсіздік керек»,-деген ұрандар айтылды.
Алматы гарнизонын жауынгерлік дайындыққа келтіріп, көп күшпен алаңдағы жастарды қоршап алды. Алматыға әр аймақтардан әскердің арнайы бөлімдері жіберілді. Өз елінің тәуелсіздігін талап етіп, шеруге шыққан жастарға«Бұзақылар», «Ұлтшылдар», «Нашақорлар»,-деген кінә тағылды.
Көптеген студент жастар түрмеге қамалды, оқу орнынан шығарылды. Тәуелсіздік жолында Қайрат Рысқұлбеков, Ләззат Асанова, Ербол Сыпатаев, Сәбира тағы басқалары сияқты қазақ жастары желтоқсан оқиғасы кезінде қайсарлықпен ерлік көрсетіп құрбан болды.
1-оқушы Ернар
Сол бір сәтте бұлт торлады аспанды,
Алатаудың көзінен де жас тамды.
Тәуелсіздік желтоқсанмен бітпейді.
Тәуелсіздік күресі енді басталды.
2-оқушы
Қатыгездік жұдырығы түйіліп,
Қамшы үйірді жасқап, жекіп бұйырып,
Желтоқсанда шықты үлкен алаңға
Ата-баба аруағына сыйынып.
3-оқушы.
«Нашақор»-деп, «ұлтшыл»-деп,
Қазаққа күйе жаққан күн,
Базары кетіп, бір түнде
Қайғыға халық батқан күн.
4-оқушы.
Намыс үшін күрессең мазақтар кім?
Құлға айналу азабы азаптардың.
Қаны төгілді желтоқсан алаңында,
Бодандыққа көнбеген қазақтардың.
Көрініс
-Қайрат пен тергеуші
Тергеуші:
-Сен 13-желтоқсан күні, сағат 10-да қайда болдың?
Қайрат
-Жолдастарымен бірге Фурманов көшесінде
Тергеуші
-Жоқ сен Сәтпаев пен Мир көшесінің қиылысында Совецкийді соққыға жықтың. Соның нәтижесінде ол қайтыс болды. Сен оны өлтірген.
Қайрат
-Мен оны көргенім жоқ
Тергеуші
-Ақымақ, сен оны өлтірген! Әкетіңдер, атыңдар, көзін құртыңдар.
Қайрат
Күнәдан таза басым бар,
Жиырма бірде жасым бар.
Қасқалдақтай қаным бар,
Бозторғайдай жаным бар.
Алам десең алыңдар,
Қайрат деген затым бар.
Қазақ деген атым бар.
Еркек тоқты құрбандық
Атам десең атыңдар... (сүйреп әкетеді).
-Желтоқсан желі өлеңі орындайтын,
__________________________________________________________
5-оқушы
Озбырлық күшпен тұншығып,
Үміттің оты ұшқан күн.
Жанына таппай бір шындық
Ер Қайрат қыршын кеткен күн.
Мұғалім сөзі
-Дүниені дүр сілкіндірген 1986 желтоқсан оқиғасының қаһарманы Қайрат Рысқұлбеков 22-ақ жыл ғұмыр кешті. Елінің болашағы , бостандығы егемендігі үшін күресті.
-Мың рет естігенше бір рет көр демекші назарымызды интнрбелсенді тақтаға бұрайық.
6-оқушы
Өктем билік қаралады, даттады,
Бірақ Алла ақиқатты жақтады.
Назарбаев атамды жұрт қалады.
Түсті амалсыз Колбин деген атақты.
7-оқушы
Алаңға шығып, ойын айтты жастарым,
Қиындық пен қатерге тігіп бастарын.
Содан барып, тоңды еріді кеңестің
Содан кейін еркіндікті бастадым,
8-оқушы
Сол желтоқсан оқиғасы қанша ызғарлы естілсе де, жанымызға нұр септі. Мәңгілік егемендікті алып келгеннің арқасында, дүние жүзіне танымал ел болдық.
9-оқушы
Желтоқсандық ерлерді есте сақтаймыз,
Ерлік ісін, аманатын сақтаймыз.
Отан үшін отқа түссең күймейсің,
Ізбасары болмай елге жақпаймыз.
10-оқушы
Елбасымыз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың жарлығымен 1996жылы 9-желтоқсан Қайрат Ноғайбайұлы Рысқұлбековке «Халық қаһарманы» атағы беріліп, айрықша ерекшелік белгісі мен «Алтын жұлдыз» тапсырылды. Сәбира, Ләззат, Ерболға тағы басқа желтоқсанға қатысқан жастарға «Желтоқсан қаһарманы» атағы берілді.
Желтоқсан құрбандарын еске алайық (1-минут үнсіздік)
Хор Атамекен.
11-оқушы Үміт
Астана біздің сәніміз,
Білім біздің нәріміз
Азат елдің тірегі
Болайықшы бәріміз.
Нұр атаның жолдауы
Халықтың оны қолдауы
Бақыты үшін елінің,
Болмайды еш сөз дауы!
Тәуелсіздіктің шыңы
1. 1991ж. 16-желтоқсанда Қазақстан Республикасы өзінің тәуелсіздігін алды.
2. 1992ж. Қазақстан Біріккен Ұлттар Ұйымына мүше болып кірді.
3. 1993ж. 15-қарашада –Ұлттық Валюта теңгенің енгізілуі.
4. 1995ж. 30-тамызда Жаңа конституция қабылданды.
5. 1997ж. 10-қазанда «Қазақстан -2030». Ел Президентінің Қазақстан халқына Жолдауынығ жарыққа шығуы.
6. 1998ж. Халықтар тұтастығы мен ұлттық тарих жылы.
7. 1999ж. Ұлттық тұрғындар санағы.
8. 2000ж. Мәдениет жылы.
9. 2002ж. Денсаулық жылы.
10.2003ж. Ауылды дамыту жылы.
11.2004ж. Парламент мәжілісінің кезекті саййлауы.
12.2005ж. 4-желтоқсанда Бүкіл халықтық Қазақстан Республикасының Президентін сайлауы.
13.2006ж. «Қазақ елі» монументінің ашылуы.
14.2007ж. Қазақстанның 2010жылға Еуропа Қауымдастығы мен Ынтымақтастық Ұйымына төрағалық етуі туралы шешім қабылданды.
15. 2008ж. Астананың 10 жылдық мерейтойы.
16. 2009ж. 25-ақпанда ҚР. Халықтық санақ жүргізілді.
17. 2011ж. Қаңтар –ақпан айларында ҚР. Халықаралық Азияда ойындары өтті.
18. 2012ж. 1-желтоқсан алғаш Президент күні болып жарияланды.
Хормен Қазақстан Туымен тұғырлы,
Елтаңбасы мен Еңселі.
12-оқушы Мейіржан
Бақтың құсы әр адамға қонып бір,
О тәңірім бізді баққа жолықтыр.
Бүгін міне тәуелсіздік ағайын,
Әр қазақтың жүрегі боп соғып, тұр.
13-оқушы Ернар
Желдей еркін, түздей кең қандай азат,
Мен қазақпын деген де қандай ғажап.
Мақтан етсін халықтар халықтығын
Жетер сан жыл шеккені азап.
14-оқушы Темірлан
16-желтоқсан
Тәуелсіздік алған күн,
Ерекше боп мәңгілік
Ел жадында қалған күн.
Жасай берсін ұлы күн,
Үміті боп елінің.
15-оқушы
Жарқырап атар таңы бар,
Жарқылдап айтар әні бар.
Әні бар, теңіз дәні бар,
Айналдым сенен Отаным!
16-оқушы
Жүрегі толы отпенен
Арманмен өсіп көктеген
Ертеңге нұрлы беттеген
Айналдым сенен Отаным!
17-оқушы
Қуанбас ем күлмес ем,
Отан снеі сүймесем
Сенің арқаң гүлденсем
Анам да сен, үй де сен.
18-оқушы
О, Отаным сен маған,
Өмір бердің шуақты,
Білек бердің талмаған
Жүрек бердің қуатты.
Сол қуатпен от қоссам,
Өзіңнің бір шоғың боп,
Керек етіп оқтасаң
Атылам бір оғың боп.
19-оқушы
Біздің қазақ мықты ғой,
Тәуелсіз ел атанған.
Желтоқсан деген көтеріліс
Жан аямау Отаннан.
Сескенді бүкіл өктемдік,
Жеңіске сол ғой жеткендік.
Орыс боп кете жаздаған
Кеңестік кезді жек көрдік.
20-оқушы
Елім барда еңсем биік менің де,
Өйткені мен жүрмін туған жерімде.
Тілім, дінім досым, барлық бауырым
Бәрі менің жүрегімнің төрінде.
21-оқушы
Елім барда, мен де бармын өмірде,
Жұлдызың боп жарқырармын көгінде
Отан үшін, елім үшін от кешем,
Батырлық бар, қорқақтық жоқ тегімде.
22-оқушы
Елім бар да мен бақытты ұланмын.
Елім сүйсе, сенімінен шығармын.
Елім менің көтермесе елдігін
Намысымның биігінен құлармын.
Мұғалім сөзі
Халқымыздың егемендік жолында құрбан болғандарын дәлелдеп желтоқсан қаһармандарын ақтау үшін барынша күрескен қайсар азаматтарымыз Мұхтар Шаханов, Хасен Қожа Ахмет сынды ағаларымыз көп еңбек етті.
Әділдікті қолдаймыз
Жазықсызды қорғаймыз
Құрбандарды ақтауға
Жаратылған жандаймыз.
Ашылмаған шындықтың,
Іздеп жүрсіз жауабын,
Неше түрлі сұмдықтың
Біліп обал сауабын.
Қайратты жан екенсіз
Ақтатқан батыр Қайратты
Желтоқсанда қазақ та,
Сіздей ермен ардақты.
Көрініс Күй «Детство»
«Мейіржанның хаты»
-Мейіржан сен не жазып отырсың?
-Мен Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев атама хат жазып отырмын.
-М-м-м.
Құрметті Нұрсұлтан ата!
Сізді бүкіл еліміз жақсы көреді. Елге сіңірген еңбегіңізді
ата-аналарымыз ауыздарынан тастамай үлгі етіп айтып отырады.
Біз онсыз да сіздің ерлік істеріңізді жақсы білеміз. Сіздің өміріңіз қашанда бізге үлгі. Өскен соң біз де сіз сияқты «Халықтың ұлы болғымыз келеді». Сіздің ел алдындағы беделіңіз, дүние жүзіндегі абыройыңыз біз үшін мақтаныш. Өміріңіз ұзақ болсын, ата! «Бала
болашағымыз» деп өзіңіз айтқандай, жыл сайын бізге жақсылық жасап ортамызда жүре беріңіз. Сіз ортамызда жүрсеңіз, біз де сондай бақыттымыз. Келешекке сеніміміз мол. «Тәуелсіздігіміздің 22жылы құтты болсын»!
Мұғалім сөзі
-Иә төрткүл дүниені дүр сілкіндірген әйгілі желтоқсанның арман тілегі орындалып, елімізде «Тәуелсіздік таңы» атты. Ендеше Тәуелсіздігіміздің тұғыры биік, халқымыздың еңсесі жоғары, егемендігіміз баянды болсын, деп тілейік.
Хор Егемен Қазақстан 3 а сынып оқушылары
Желтоқсанға қатысқан «Желтоқсан қаһармандарына» сөз кезегі беріледі.
Мектеп әкімшілігіне сөз беріледі.
Егемен-Қазақстан.
Көз жетпес далам, ел жетпес елім
Арнайды әнін жауынгер ұлың
Жау шапса саған, жас жаным құрбан
Отаным менің, О, елім менің.
Қайырмасы 2 рет:
Қазақтың елі, қазақтың жері
Береке қонған ұлы Отан.
Асқар тауларың, өзен көлдерің
Жаныма қымбат Ұлы Отан.
Сұңқары биік самғаған елім,
Қанатын көкке қомдаған елім
Кел достар, қане, шырқайық бірге
Бостандық әнін,
Қайырмасы.
Достарыңызбен бөлісу: |