Тақырыбы: «ххі ғасыр идеалдық менеджері» Мақсаты



Дата05.04.2023
өлшемі17,17 Kb.
#173826
Байланысты:
Идеялық менеджер
Сатаев Карим муниципал 10 апта

Тақырыбы: «ХХІ ғасыр идеалдық менеджері»
Мақсаты: Тәрбиеленушілерді іскерлік саясатқа үйрету, өздерінің менеджерлік мүмкіндіктерін сынап көруге мүмкіндік беру.
Тәрбиеші: Сәлеметсіздер ме құрметті тәрбиеленушілер. Бүгінгі «ХХІ ғасыр идеалдық менеджері» іскерлік ойынымызға қош келдіңіздер. Қазақстанға әлемдегі дамыған елу елдің қатарына кіру міндеті жүктеліп отыр. Елбасы Н.Назарбаевтың Қазақстан халқына Жолдауында жаңа заманға сай келетін салық жүйесін, банк секторын, құнды қағаздар нарығын дамыту, қаржылық бақылау жүйесін жетілдіру және де кәсіпкерлік негіздерін жоғары дәрежеде дамыту керектігі мәселесі көтерілді. Менеджмент анықтамасына келсек: Менеджмент – ұйымда немесе кәсіпорында жұмыс істейтін адамдардың еңбегін басқара отырып, алға қойған мақсатқа жетуді ұйымдастыра білу, әлеуметтік, оның ішінде білім беру үрдістерін басқару принциптері, әдістері, құралдары мен нысандарының жиынтығы. Менеджмент басқарудың мақсатына адамдардың еңбек белсенділігін ынта-ықыласы арқылы көтеріп, олардың тиімді жұмысының негізінде жетуді ұйғарады. Менеджер – жалдамалы басқарушы, өндірісті ұйымдастырушы маман. Ол негізінен кәсіпорындағы немесе фирмадағы барлық жұмысты ұйымдастыру, үйлестіру, басқару мәселелерімен айналысады, ұйым алдындағы міндеттердің орындалуына тікелей жауап береді.
Тәрбиеші: Енді іскерлік ойынымызды бастайық. Әр топқа сұрақтар қойылады. Сұрақтарға жауап беру арқылы топтар ұпай жинайды.

  1. топ: Бизнесмендер

  2. топ: Менеджерлер

1-топқа:
1. Менеджмент сөзінің мағынасы
2. Басқарудың қандай әдістерін білесіз?
3. Менеджменттегі қандай басқару әдістерін білесіз?
4. Менеджердің мәдени көрінісі
5. Қызметкерлерді таңдауда орындалатын процесс
2-топқа:
1. Ұйымды басқару дегеніміз
2. Менеджменттегі деңгейлер атауы
3. Басқарудың экономикалық әдістері
4. Жұмысшылардың басшылыққа араласуы қалай аталады?
5. Менеджердің қызметі қандай еңбек түріне жатады?
Тәрбиеші: Келесі кезеңімізге өтсек. «Өз бизнесімізді бастаймыз» кезеңінде көп ұпай жинаған топ өзінің бизнесін бастайды. Әр топ алдын ала өздері қандай кәсіпкерлік түрімен айналысатынан таныстырып өтеді. Өз жобасын ұсынады - «Қазақстанның сувенирлері», «Туристік бизнес» жобаларын ұйымдастырады. Соның ішінде менеджердің қызметі жөнінде толығырақ баяндалады.
Вера: Барлық менеджерлер үшін, олардың қызмет орнына қарамастан, ортақ қызмет міндеті болады: Біріншіден, менеджер іскер кәсіпорынның мақсатын орындайды, сол мақсатын орындау үшін не істеу керектігін ойластырады, адамдарға нақты міндеттер жүктей отырып, оны жүзеге асыруды қамтамасыз етеді.
Фиолла: Екіншіден, менеджер ұйымдастырушы. Ол жұмыстарды жүйелеп, бөледі, қажетті ұйымдық құрылымды құрады, басшы жұмыскерлердің тиісті құрамын іріктейді т.б.
Василиса: Үшіншіден, менеджер көтермелеу шараларын қамтамасыз етіп, адамдармен тығыз байланыс орнатады. Ол ұжымды (коллективті) өз ісіне жауапкершілікпен қарайтын адамдармен құрады: бұл үшін қолда бар барлық мүмкіндікті-сыйлық беру, наградтау, жоғары қызметке тағайындау шараларын пайдаланады. Менеджер ұжымдағы барлық адамдармен тіл табысып, тұрақты байланыс орнатады.
Камилла: Төртіншіден, менеджер ұйымның іс-әрекетін талдайды, нормалауды белгілейді, кәсіпорында жұмыс істейтін барлық адамдардың жұмысын бағалайды.
Арина: Бесіншіден, менеджер адамдардың қызмет жағынан кемелденіп, жоғарылауын қамтамасыз етеді. Адамдардың мамандығының жетілдірілуі де, қызмет жағынан жоғарылап, не төмендеуі де, ұжым бірлігінің нығаюы, не берекесізденуі де менеджер жұмысына байланысты.
Виктория: Менеджер алдында тұрған барлық проблемаларды біле бермейді, сондықтанда ол «бесаспап данышпан» болуы да мүмкін емес. Оның арнайы еңбек құралы, атап айтқанда ақпараты (информациясы) болады. Менеджер адамдарды жұмысқа ынталандырады, бағыттайды, ұйымдастырады. Оның бірден-бір құралы-жазбаша немесе ауызша сөзі; немесе цифр тілі. Менеджердің жұмысы техникаға, есептеу операцияларына немесе өнім сатуға қатысты болғанына қарамастан, оның жұмысының тиімділігі тыңдау және оқу, айту және жазу қабілеттеріне байланысты. Ол өз ойын басқа біреулердің санасына жеткізе білуі, сондай-ақ басқа адамдардың да пікірін айқындай алуы тиіс.

Ульяна: Менеджерлік шеберліктің маңызды жақтарының бірі-келіссөз жүргізе білуі-әріптесінің мүддесін өз мүддесіне сәйкестендіре білетін өнері болуы тиіс. Мұның өзі әсіресе қарамағындағы адамдарға әкімшілік билік жүргізе алмайтын басшылар үшін де, сондай-ақ сырттан шикізат жеткізушілермен қарым-қатынас орнату үшін де аса қажетті жағдай. Келесі онжылдықтарда нағыз компаниялар көп жағдайда маклерлік фирмаға ұқсайтын болады.
Тәрбиеші: «Бизнес – жоспар». Келесі кезеңімізде әр топ өз кәсіпорындарының бизнес – жоспарларын таныстырып өтсін. Қорғауға 5 минут беріледі.
Тәрбиеші: Ұйымдастыру жоспары және менеджмент тарауы бизнес-жоспардың негізгі бөлімі болып есептеледі, ол мыналардан тұрады:
• фирманың ұйымдық құрылымы;
• басқару жүйесі;
• еңбек ресурстарын басқару.
Рефлексия. Менеджердің +, - жақтарын айтып шығу. Қандай керекті мағлұматтарға ие болдыңыз? Болашақта менеджер боламын деген тәрбиеленушілер бар ма?
Қорытынды. Еңбегіне қарай-өнбегі «Үздік менеджер», «Дамыған менеджер» номинациясымен топтарды марапаттаймыз.
Тәрбиеші: Құрметті тәрбиеленушілер, бүгінгі ойынымыз осымен аяқталды! Болашақта өздеріңінің кішігірім болса да бизнестеріңді ашып, табысты бизнесмен болып шығыңдар! Елімізге сендердей ақылды адамдар керек, себебі, еліміздің болашағы тек сендердің қолдарыңда!

Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет