Тақырыбы: «Пластикалық ыдыстардың адам денсаулығына пайдасы мен зияны»


Кіріспе Пластикалық немесе біржолғы ыдыстар



бет7/19
Дата07.02.2022
өлшемі2,37 Mb.
#84875
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   19
Байланысты:
«Пластикалық ыдыстардың адам денсаулығына пайдасы мен зияны»
«Пластикалық ыдыстардың адам денсаулығына пайдасы мен зияны», «Пластикалық ыдыстардың адам денсаулығына пайдасы мен зияны»
1.Кіріспе
Пластикалық немесе біржолғы ыдыстар
Көп нәрсенің зиян екенін біле тұра, тұрмыста қолданамыз.Бұл адам табиғатына мәңгілік енгізген өзгермейтін компьютерлік бағдарлама іспетті.Бүгінде адам ағзасына, денсаулығына пайдалы заттарды кездестіру мүмкін емес.Күнделікті тағамдардан бастап, тамақ ішетін ыдысымыз да адамзат үшін зиянды дейді мамандар пластикалық немесе біржолғы (одноразовый) ыдыстар қазіргі таңда молынан өндіріледі. Себебі, мұндай ыдыстар сұранысқа ие. Неліктен? Өйткені, табиғат аясына демалуға шыққанда салдырлатып шыны, фарфор ыдыстарды алып шыққаннан гөрі әлдеқайда тиімді. Оның үстіне бағасы түкке татымайтындықтан, сауда орталығында сусын сататындар ақша үнемдеудің рахатын көруде. Ал зиянына келетін болсақ, пайдасының үлесін шаңына ілестірмейді. Пайдаланылған пластикалық ыдыстарды отқа жағуға болмайды. Иісі улы. Амалдың жоғынан қоқысқа тасталынады. «Былай тартсаң, арба сынады, былай тартсаң, өгіз өледі» демекші, тонналап өндірілетін біржолғы ыдыстардың бәрі бірдей қоқысқа тасталса, қала немесе өзге елді мекен қоқыс аралына айналуы ғажап емес. Екіншіден, пластмасса ыдыстардың құрамы да оңып тұрған жоқ. Полистирол, полипропилен, поливинилхлорид секілді химиялық құрамды ыдыстарды ережесіз пайдалану аса қауіпті.
Ерте заманнан бері ата-бабаларымыз жан мен баланың тәттілігіне, құдай қосқан қосағының амандығы мен дендерінің саулығына ерекше қарады.
Денсаулықтың зор байлық  екенін бағалай білген олар барлық жақсылықпен кемшіліктердің де тікелей  адамның денінің  саулығына тәуелділігін  ертеден білді, мән берді  және қорғану жолдарын іздестіріп, оны байытып отырды.
Ұрпақ пен халқының денсаулығының  күшті, ұрпағының  өмірге дендері сау болып келуі үшін, адам денсаулығын зертеу ғылыми жағын дамытып отырды. Олар табиғаттың экологиялық тазалығына, жылдың төрт мезгілдік өзгерісінің адам денсаулығына кері әсерлеріне, күтінбеу мен сақтанбаудың да денсаулыққа кері ықпал ететініне, жеңіл сенімділік пен аңғарымсыздықтың зияндылығына, қоғамдық,  жеке тұрмыстық  және санитарлық тазалықты сақтамаудан  пайда болатын  сырқаттық аурулардың тууына қарсы тәрбиелік шараларын халық арасында іске асырып отырды. Сондықтан, мен сол дәстүрді қайта жаңғыртып, оны өз құрбыларымның түсінгенін қаладым.Ұлтымыздың саулығы үшін өз үлесімді қосу үшін осы тақырыпты таңдадым.
Негізгі бөлім
Қазіргі кезде пластикалық бөтелкеден су ішпеген адамды табу қиын шығар. Тіпті жаз мезгілі басталғалы көшеде пластикалық бөтелкеге құйылған сусындарды(сарыағаш, макси шай, кока-кола, фанта т.с.с) өзімен бірге алып жүретін адамдар саны көбейді. Ал көпшілік адамдар сол пластикалық бөтелкенің өз денсаулығына орасан зор залал келтіріп отырғанын сезбейді де.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   19




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет