Емі, күтімі.
Ревматоидтық артрит кезіндегі ем бағдарламасы:
- тез әсерлі қабынуға қарсы дәрмектер-напроксен ( 0,75-1 г тәулігіне ), вольтарен, индометацин ( 150 мг тәулігіне) және ибупрофен ( бруфен ) – ( 1,2-1,6 г тәулігіне).
- базистік дәрмектер. Глюкокортикоидтар,алтын дәрмектері,цитостатиктер.Д-пеницилламин,аминохинолин туындылары,сульфаниламидтер.
циклоспорин және тенидап, цитокиндерге және лимфоциттік антигендерге моноклондық антиденелер.
- Иммундық жүйені реттейтін дәрмектер мен ем шаралары.
А. Иммундыдепрессиялық әсері басым дәрмектер мен шаралар:
(Антилимфоциттік глобулин,кеуделік лимфа түтігінің дренажы,лимфоцитоферез,лимфа тінін сәулелеу)
Б. Иммундымодуляциялық әсері басым дәрмектер мен шаралар:
(гемосорбция,плазмаферез,каскадты плазмафильтрация,криоферез).
Иммундық стимуляторлар. Гипербариялық оксигенация.
Бұл ем әдістерін базистік ем әсер етпегенде қолданады.
Дәрмектерді буын ішіне енгізу және жергілікті ем.
Физиотерапия. Ең жиі қолданатын әдістер: парафиннің, бишофиттің аппликациялары, түрлі дәрмектерді буынға фонофорез немесе электрофорез әдісімен енгізу т.б.
Емдік дене шынықтыру және массаж. Бұл емнің басты ережесі – буындарды үнемі қимылдату . Дене жаттығуларымен бірге күніне 3-4 рет 15-45минут шамасында, әсіресе қол ұшының буындарын қимылдататын жұмыс жасау қажет.Буындардың III дәрежелі функциялық бұзылысында науқасты өзін — өзі күтуге үйрету қажет.Буындардың бүгілген, қисайған күйінде «қатып» қалмауы үшін ортопедиялық ем жүргізеді, мысалы алмалы-салмалы шиналарды, лонгеталарды қолданады. Шиналар немесе лонгеталар түнде және күндіз, жұмыспен айналыспайтын уақытта салынады. Бұл ем үзілмелі иммобилизация аталады. Сонымен бірге, науқастар бас жағы аласа, қатты төсекте жатуы тиіс. Отырып жұмыс жасайтын адамдар жиі — жиі тұрып, буындарын жазып жүруі керек.
Санаторлық — курорттық ем. Бұл ем ревматоидтық артриттің буындық түрінде, активтілігі минимальді немесе активті емес кезінде ғана жүргізіледі. Буындары аса қатаң зақымданбаған науқастарды родондық суы бар курорттарға – Арасан Қапалға, Алма – Арасанға, ал пролиферациялық процесі басым, деформация мен контрактуралар қалыптасқан науқастарды балшығы бар курорттарға жолдайды–Жаңақорғанға, » Атырау», » Мойылды » т.б. санаторийлерге. Санаторлық курорттық емді висцерит немесе псевдосептикалық синдром болғанда қолданбайды.
Хирургиялық ем. Оның түрлері:
бұзылған буынды протезге ауыстыру, бұл ем ірі буындардың жарамсыздығында қолданылады.
ұсақ буындарға синовэктомия, артродез және артропластика жасалады. Иммундық қабынудың көзін алып тастау мақсатымен моноолигоартритте синовэктомия ертелеу жасалынуы тиіс.
Достарыңызбен бөлісу: |