Күні: 27..05.2020
Тақырып: Ауруханалық жұқпаның алдын-алу қауіпсіздігі және бақылау шаралары.
Іс дағдылар тізімі:
1. Науқастардың күтім заттарын зарарсыздандыру
2. Жұмыс орнында қауіпсіздік ережелерін сақтау,зарарсыздандырылған ерітінділерді дұрыс дайындаңыз
3. Таңғыш материалдарды залалсыздандыру қорабына (бикске) салу
Хлорамин ерітіндісін даярлау
Мақсаты: аурухана ішілік жұқпалы аурулардың алдын алу.
Қолдану көрсетілімдері: санитарлы-эпидемиологиялық тәртіпті сақтау бойынша директивті құжаттарға сәйкес, бөлмені, жиһазды және күтім заттарын, медицинада тағайындалған бұйымдарды зарарсыздандыру үшін қолдану.
Дайындаңыз: құрғақ ұнтақ хлораминді, таңбаланған эмальды ыдысты қақпағымен, жылы суды, ағаш қалақшаны, резеңке қолғапты, масканы, алжапқышты.
Іс-әрекет алгоритмі:
Өзіңізге масканы, алжапқышты, резеңке қолғапты киіңіз.
Ыдысқа азырақ мөлшерде суды құйыңыз.
Ыдысқа өлшенген құрғак хлорамин ұнтағын салыңыз (жұмысшы ерітіндідегі белсенді хлор қоюлық дәріжесіне сәйкес).
Суды үстінен құйыңыз (жұмысшы ерітіндіні даярлауға қажетті).
Ағаш қалақшамен ерітіндіні толық ергенге дейін араластырыңыз.
Даярланған хлорамин ерітіндісі бар ыдысты қақпақпен жабыңыз.
Зарарсыздандыру ерітіндісі бар ыдысты және бирканы (таңба салатын клеенканы) таңбалаңыз, қоюлық дәрежесін, ерітіндінің атын, ерітіндіні даярлағанның аты жөнін, биркаға ерітіндінің даярлаған уақытын көрсетіңіз. Зарарсыздандыру ерітіндісі бар ыдысқа бирканы бекітіңіз.
Дем пердесін, алжапқышты, қолғапты шешіңіз. Қолыңызды жуып, кептіріңіз.
Ескерту:
Хлорамин ерітіндісін тұп-тура қолданар алдында даярлаңыз.
Хлорамин ерітіндісі науқастардың қол жетпейтін, қараңғы, салқын жерде тәулік бойы саңлаусыз жабық ыдыста сақталады.
Зарарсыздандыру ерітінділерін даярлағанда қауіпсіздік техникасын сақтаңыз.
Достарыңызбен бөлісу: |