Тапқырыбы: Балабақшадағы қауіпсіздік ережелері


Экскурсия уақытындағы қауіпсіздік талаптары



бет4/4
Дата15.10.2023
өлшемі22,54 Kb.
#185578
1   2   3   4
Байланысты:
МД-31 практика № 12.10.23
МД-31 Практика 09.10.23 Оқу практикасысынң мақсат міндеттері
Экскурсия уақытындағы қауіпсіздік талаптары:
- экскурсия өткізу кезінде қауіпсіздікті сақтау мақсатында балалардың қозғалыс маршрутын алдын- ала қарау (аумақ қоқыстан, сынған шыныдан, қураған ағаштардан тазартылуы тиіс), ойын жабдықтарының, шағын сәулет нысандарының жарамдылығы;
- балабақша аумағынан тыс жерлерге экскурсия ӛткізген кезде тәрбиеші ӛзімен бірге міндетті дәрі-дәрмектер мен таңу құралдары бар медициналық дәрі қобдишасын алады;
- экскурсия ӛткізу кезінде тәрбиеші белгіленген режимді, экскурсияның ұзақтығын, тәрбиеленушілердің әрекетін ауыстыруды (қимылды, аз қимылды) сақтауы тиіс.
- ауа-райының жағдайына, ауа температурасына байланысты балалардың экскурсияға шығу мүмкіндігін медбикемен келісу. Дәрі қобдишасының болуына және оның жинақталуына кӛз жеткізу;
- меңгерушіні, медбикені балабақша аумағынан тыс жерге баруға дайындалып жатқан экскурсия туралы хабардар ету;
- экскурсияға шығар алдында және балабақшаға оралғаннан кейін балалардың тізімдік құрамын білу қажет;
- ауа-райының жағдайына қарай балалардың киімдерін, аяқ киімдерін қарау. Жаздың ыстық күндерінде балалардың ақшыл бас киімдері болуы керек;
- ауыз суын ішу режимін сақтау, тек жуылған жемістер, жидектер, кӛкіністерді жеу;
- серуен кезінде балалардың шаршауын, ыстықтауын, тоңуын болдырмау үшін әрекет түрлерін кезекпен ауыстырып отыру қажет;
- тӛбешіктен сырғанау, мұз жолдарымен сырғу, әткеншек тебу, ӛрмелеу, биіктен, спорттық жабдықтардан секіру, лақтыру, самокат, шаңғы, велосипед тебу және т.б. кезінде тәрбиешінің сақтандыруын, бақылауын қамтамасыз ету;
- су жиналған шұңқырлардың маңында, жолдан ӛту бӛлігінің жанында экскурсиялар, ойындар ӛткізуге рұқсат етілмейді;
- жолдан ӛту кезінде балаларға жол жүру ережелерін түсіндіру қажет;
- экскурсия уақытында балаларды тәрбиешінің бақылауынсыз қалдырмау.
Серуендеу, экскурсия, аяқталғаннан кейінгі қауіпсіздік талаптары:
- балаларды тізім бойынша тексеру;
- балалардың сыртқы киімдерін тазалау (ауа райы жағдайына байланысты);
- серуенге алып шыққан материалды, еңбек құралын ретке келтіру (құмнан, қардан тазарту);
- тәрбиешінің және тәрбиешінің кӛмекшісінің қадағалауымен балабақша үй-жайына балалардың таласпай кіруін ұйымдастыру;
- жаңбырдан кейін немесе қыс мезгілінде дымқыл киімнің, аяқ киімнің кептірілуін қамтамасыз ету;
- гигиена талаптарының орындалуын: дәретханаға бару, қолды сабынмен жууды ұйымдастыру;
- серуенге алып шыққан ойын материалын бөлінген орынға жуу және жинау.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет