Тапсырма 1 Физикалық географияның зерттеу нысанын көрсет. Ауылшаруашылығы Өнеркәсіп Жер қабықтары



бет16/21
Дата24.02.2022
өлшемі1,21 Mb.
#133107
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   21
Байланысты:
1 тоқсан 2021-2022
2022
Испания мемлекетінде

  • Түркия мемлекетінде

  • Италия мемлекетінде

  • Пәкістан мемлекетінде

    Білгенің жөн!
    Жер сілкіну ұзақтығы бірнеше секундтан бірнеше айға (кейде жылға) дейін созылады. Механикалық кернеу күшінің біртіндеп шығуына байланысты жерасты дүмпулері қайталанып отырады. Әдетте алғашқы күшті дүмпуден кейін әлсіз дүмпулер тізбегі жалғасады. Оларды «афтершоктар» деп, ал дүмпу білінген уақыттың барлығын «жер сілкіну кезеңі» деп атайды.
    Түсіндіру
    2-4 балдық жер сілкінісі тіркелген мемлекеттер – Түркия, Италия, Испания.

    Тапсырма 6
    Күріш өсіру картодиаграммасын пайдаланып, ақпараттың ақиқат не жалған екенін анықта.


    1. Күріш өсіруден көшбасшы елдер – Қытай мен Үндістан. 

    Ақиқат

    2. Исландия елінде күріш өсіріледі.

    Жалған

    3. Күріш өсіруден Қазақстан алғашқы үштікке кіреді.

    Жалған

    Білгенің жөн!


    Күріш – тропиктік дәнді дақыл. Оның негізгі шыққан жері – Қытай. Муссондық климат сипаты тән субтропиктік, тропиктік және субэкваторлық белдеулерде қосымша қолдан суару арқылы өсіріледі.
    Түсіндіру
    Картодиаграммада шартты белгілерді пайдалана отырып анықтауға болады.
    Негізгі көшбасшылар – Қытай мен Үндістан. Оған климаттық және тарихи фактор әсер етеді.
    Исландияда күріш өсірілмейді, өйткені қатал климат мүмкіндік бермейді.
    Қазақстан күріш өсіру бойынша көшбасшылар үштігіне кірмейді, өйткені Қазақстанда күріш тек ішкі қажеттіліктерді қанағаттандыру үшін өсіріледі.

    Тапсырма 7
    Баламалы энергия көздерін пайдаланудың қоршаған ортаға әсерін анықта.
    ҚР Президентінің 2013 жылғы 30 мамырдағы Жарлығымен бекітілген Қазақстанның «жасыл» экономикаға көшу тұжырымдамасының жалпы электр энергиясын өндіруде баламалы энергия көздерін дамыту бойынша мақсаттары:

    • 2020 жылға қарай (күн электр станциялары және жел электр станциялары (ЖЭС) өндірілетін энергияның 3% -ынқұрау;

    • 2030 жылға қарай күн электр станциялары және жел электр станциялары (ЖЭС) өндірілетін энергияның 10% -ын құрау;

    • 2050 жылға қарай күн электр станциялары және жел электр станциялары (ЖЭС, АЭС қоса) өндірілетін энергияның 50% -ын құрау.

    Қазақстанда гидро, жел және күн электр станцияларын салуға арналған инвестициялық жобалар іске асырылып жатыр. Бүгінгі таңда Жамбыл облысында жалпы қуаты 168,7 МВт болатын жаңартылатын энергия көздерінің 10 объектісі бар.
    Дұрыс жауап саны: 3
  • 1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   21




    ©engime.org 2024
    әкімшілігінің қараңыз

        Басты бет