Тарихты оќыту єдістемесі пєнінен ж±мыс баѓдарламасы



бет23/203
Дата06.02.2022
өлшемі2,08 Mb.
#52193
1   ...   19   20   21   22   23   24   25   26   ...   203
Байланысты:
tarih oket odistem umkd

Негізгі түсініктер:Тарихты оқыту әдістемесін педагогикалық ғылым ретінде түсіндіру әдістеменің негізгі мақсаттары мен функцияларын көрсету.
Мақсаты: Тарихи білім беру құрылымын құрастыра отырып, Қазақстанда мектептерде тарихи білім берудін қазіргі жүйесінің ерекшеліктерін көру.


Жоспары:
1. Мектептерде тарихи білім берудің қалыптасуы мен дамуы.
2. Қазақстан Республикасында тарихи білім берудің құрылысы мен қазіргі жүйесі.
3. Тарих бойынша мектеп бағдарламасына сараптама жасау.
а) бағдарламаларға қысқаша мінездеме,
б) тарих бөлімдерінің құрлысы мен мазмұны, негізгі мақсаты


Мазмұны
1.Бұл бағдарламада мектептерде тарихты оқытудың негізгі Мәселелерін қамтиды.
Тарих - жалпы негізгі білім беретін мектептегі барлық гуманитарлық курстардың өзегін құрайды.
1965 жылғы 14 мамырда КОКП Орталық Комитеті мен КСРО Министрлер Кеңесінің «Мектепте тарихты оқытудағы кейбір дәрістер туралы» Қаулысына сай, КСРО тарихын 7-10 сыныптарына дейін жүйелі курс болып енгізілсе ал «Жаңа және «Қазіргі әлем тарихы» 8-10 сыныптарда оқытылатын болды Мектептегі бағдарламадан шамадан көп, қосьмша материалдың тым күрделі болуы оқу процесінде формализмге әкеліп, оқушылардың ұғынуына қиындық туғызды.
КОКП Орталық Комитеті мен КСРО Министрлер Кеңесінің 1959 ж. 8 қазандағы «Мектепте тарихты оқытудағы кейбір өзгерістер туралы» қабылданған қаулысына сәйкес, республика мектептерінде «Қазақстан тарихы» алғаш рет КСРО тарихының құрамында курс болып оқытыла бастады. Пәнді оқыту бағдарламасы мектептерге арнап біркелкі етіп жасалып келді.
1990 жылдан бастап халық ағарту саласында болып жатқан үлкен өзгерістерге және де Қазақстан тарихының мектептің оқу жоспарына дербес пән болып енуіне байланысты ол құрамындағы көптеген әдістемелік ұсыныстардың қазіргі талаптарға жауап бере алмайтыны түсінікті.
Ал қазіргі күнде мектепте тарихты оқыту жайындағы көзқарас өзгертумен сипатталады. Оны өзгертудегі басты бағыттар мыналар:
-Тарихи білімнің нәтижеге бағдарлануы;
-оқушының дайын білімді енжар алушыдан білімдегі процесстің белсенді субъектісіне айналуын талап ететін білімдік моделді қалыптастыруға бағытталуы;
-мектепте үзіліссіз білім беру жүйесінде тарих пәнінің білімдік,
танымдық және тәрбиелік рөлін күшейту;
Авторлар оқыту әдістемесінің бұл типтік бағдарламасын жоғары оқу орындарында білікті маман дайындауға көмегі бар деп сенім артады.
3.Тарихты оқыту әдістемесінің жоспарлары мен бағдарламалары.Мемлекеттік стандарт. Бағдарлама жасаудың концентратты принципі.Хронологиялық принцип. Негізгі базалық компонент. Білімділік компоненті. Мазмұндылық компоненті. Жас ерекшеліктерінің есебі. Тарихты оқыту түрлілігі. 5-9 сыныптардың және 10-11 сыныптардың оку бағдарламалары.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   19   20   21   22   23   24   25   26   ...   203




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет