Байланысты: ТАУАРЛАРДЫ КЕДЕН ОДАҒЫНЫҢ КЕДЕНДІК ШЕКАРАСЫ
Кедендік декларацияда мәлімделген мәліметтерді өзгерту және толықтыру
1. Кедендік декларацияда мәлімделген мәліметтер кеден органының рұқсатымен декларанттың дәлелді жазбаша өтініші бойынша тауарлар шығарылғанға дейін бір мезгілде мына шарттар сақталған кезде:
егер енгізілген өзгерістер мен толықтырулар тауарларды шығару туралы шешім қабылдауға ықпал етпесе және тауарлардың кедендік құнын түзету және тыйым салулар мен шектеулерді сақтау жағдайларын қоспағанда, кедендік төлемдер мен салықтар сомаларының мөлшерін анықтауға әсер ететін мәліметтерді өзгерту қажеттігіне әкеп соқтырмаса;
декларанттың өтінішін алған кезде кеден органы оны кедендік тексеріп қарауды өткізу орны мен уақыты туралы хабардар етпесе және тауарларға қатысты кедендік бақылаудың өзге нысандарын жүргізу туралы шешім қабылдамаса, өзгертілуі немесе толықтырылуы мүмкін.
Тіркелген кедендік декларацияда мәлімделген мәліметтерді өзгерту және толықтыру тіркелген кедендік декларацияда көрсетілгеннен өзге тауарлар туралы мәліметтерді мәлімдеуге әкеп соқпайды.
2. Кедендік декларацияға тауарларды шығарғаннан кейін өзгерістер мен толықтырулар енгізуге Комиссияның шешімімен айқындалатын жағдайларда және тәртіппен жол беріледі.
3. Кеден органдарының өз бастамасы, тұлғаның тапсырмасы немесе өтініші бойынша кеден декларациясын толтыруға, енгізілуі кеден органдарының құзыретіне жататын мәліметтерді, тауарлардың кедендік құнын түзетуді және тауарларды шығарғаннан кейін кедендік төлемдер сомасының мөлшерін анықтауға ықпал ететін өзге де мәліметтерді өзгертуді және Кеден одағы кеден заңнамасының ережелеріне сәйкес жүргізілетін тыйым салулар мен шектеулерді сақтауды қоспағанда, кеден декларациясында көрсетілген мәліметтерді өзгертуге немесе толықтыруға құқылы емес.