Дидактикалық материализм (энциклопедизм). Я.А. Коменский, Г. Спенсер, Б.С. Блум білім берудің негізғі мақсаты оқушыларға түрлі ғылым салаларынан кең көлемді білімді неғұрлым көбірек жеткізу деп санады.
Дидактикалық формализм(И.Г. Песталоцци, И.Ф. Гербарт, Ф.А.В. Дистервег). Формализм(франц.formalismе, лат. formalis – форма, пішінге қатысты) – шығарманың пішініне артық мән бергенсіп, мазмұнды мансұқ ететін ағым. Формалистер үшін стиль дегеніміз - мазмұннан тысқары жатқан бітім қалыптастырушы принцип. XIX ғасырдың басында білім беру мазмұнын таңдаудың дидактикалық материализммен бәсекелес дидактикалық формализм пайда болды. Ол ағым оқытуды оқушының ішкі әлемін, танымдық қызығушылығы мен қабілетін дамытудың негізгі құралы деп қарастырды.