Педагогиканың философия, психология, әлеуметтану, физио-логия және басқа ғылымдармен байланысының түрлері. Белгілі бір мағынада педагогика жеке пән бола тұра, ол зерттеу жұмысының логикасына байланысты басқа ғылымдарға да, сондай-ақ ғылыми танымның жалпы күйіне бағынышты. Педагогиканың басқа ғылыми пәндермен байланысының тетігін тек дайын педагогикалық білімдерді іргелес ғылымдардағы сол сияқты білімдермен жай салыс-тыру арқылы ғана ашуға болмайды. Бұны тәрбие теориясынан, дидак-тикадан, әдістемеден, мектептанудан және т.б. зерттеу үдерісінің түр-лі типіндегі ғылымдар нәтижелерін алудың мақсаттары мен тәсілдерін талдау негізінде ғана жасауға болады. Бұндай байланыс төрт түрге бө-лінеді. Ең маңыздысы басқа ғылымдардың тұжырымдарын жинақ-тайтын негізгі идеяларды, теориялық қағидаларды пайдалану болып табылады. Екінші түрі – ғылымдарда қолданылатын зерттеу әдістерін қолдану. Үшінші түрі – кейбір ғылымдардың мәліметтерін, олардың зерттеулерінің нақты нәтижелерін пайдалану. Төртінші түрі – кешенді зерттеулер.
Тегінде, педагогикаға кез-келген ғылыми білімдер жарайды, ол кез-келген ғылыми пәнмен әрекеттесе алады. Бірақ солардың ішінде екі ғылым саласымен қарым-қатынасы ерекше. Бұл философия мен психология. Философия – барлық ғылымның шығу тегі, ал психология дәстүрі және мәні бойынша педагогика ғылымының міндетті және тұрақты серігі. Бұл ғылымның екі саласының педагогикамен ара қатынасы арнайы қарастыруды талап етеді. Педагогиканың филосо-фиямен байланысы – педагогикалық ойлардың дамуының біртұтас шарты. Философиялық білімдер педагогикалық зерттеуді әдіснамалық қамтамасыз етудің құрамына кіреді. Олар теориялық зерттеу – тәжіри-бемен тікелей, педагогикалық болмыспен – жанама, ал философиямен тікелей байланыста болатындықтан, педагогикалық теорияны құру үшін керек.