Таубаева ш. Т., Иманбаева с. Т., Берикханова а. Е


Тәрбиенің тұжырымдамалық негіздерінде тәрбие үдерісін ұйымдастырудың келесі әдіснамалық тұғырларын ұсынады



бет178/340
Дата07.02.2022
өлшемі0,96 Mb.
#88553
түріОқулық
1   ...   174   175   176   177   178   179   180   181   ...   340
Байланысты:
Таубаева Ш.Т., Иманбаева С.Т.,Берикханова А.Е.Педагогика Оқулық. 2018

Тәрбиенің тұжырымдамалық негіздерінде тәрбие үдерісін ұйымдастырудың келесі әдіснамалық тұғырларын ұсынады:


Өркениеттіліктұрғысынан алатын болсақ, еліміздің әлемдік дең-гейде білім кеңістігіне кіріктірілуі тәрбие үдерісіне де жаңашыл көзқа-растармен қарауды талап етіп отыр. Ұлттық және әлемдік құндылық-тарды кіріктіре отырып, әлемдік деңгейде талап етілетін құндылықтар-ды тұлғаның бойына сіңіруімізбен қатар, қоғамда әлемдік деңгейде көзқарастарды қалыптастыру. Қазақ елі көп ұлттың басын біріктіріп отырған демократияшыл және өркениетті елдер тұрғысынан мәдение-ті, рухани - адамгершілік құндылықтар жағынан әлемдік өркениет көшіне ілесе алатын елдер қатарынан табылуы өркениеттіліктің басты шарты де бағаланады.
Тұлғалық-бағдарлы тұғыр – өзара байланысты түсініктер, идея-лар және іс-әрекет тәсілдері жүйесіне сүйену, тұлғаның өзін-өзі тану және өзін-өзі жетілдіру үдерісіне қолдау көрсету, оның дербестігін дамыту. Тұлғалық ықпал тұрғысынан - әр тұлғаға оның жас ерекше-лігімен қоса мінез-құлқы, өзінің туа біткен темпераментіне, психоло-гиялық жаратылысына байланысты әрекет ете отырып, оның бойын-дағы рухани адамгершілік құндылық қасиеттерін дамытуға ықпал ету.
Аксиологиялық тұғыр – адамның әлемге, өзге адамдарға, өз-өзіне және т.б. қарым-қатынасын ұғынуымен және тұлғалық мағынасымен анықталатын ұлттық және жалпыадамзаттық құндылықтар. Құндылық-тар жүйесі негізінде ұрпақтан-ұрпаққа жалғасқан ұлы дала елінің мәң-гілік ел идеясы негізінде тұлғаның бойындағы ұлттық құндылықтарды қалыптастыруға бағытталады.
Ата-баба дәстүрінен бастау алатын ұлттық мәдениет, руха-нилық адам бойындағы негізгі құндылықтардың бірі болып табылады. Рухани - адамгершілік құндылықтар халқымыздың бойындағы құнды-лықтарды ұрпақтан-ұрпаққа беріліп отырған заңдылық тұрғысынан да қарастыруға болады. Көне түркі заманнан бастау алған рухани–адамгершілік құндылықтар тұлға бойындағы ізгілік қасиеттерді қалыптас-тырады.
Қызметтік тұғыр – тұлғаның өз қызметімен бірлігі, ол тұл-ғаның құрылымдарына тікелей және жанама түрде өзгеріс жасауды жүзеге асырады.
Құзыреттілік тұғыр – тәрбие мақсаттарын анықтаудың, тәрбие үдерісін ұйымдастыру мен оның нәтижелерін бағалаудың, оқушылар-да құзыреттіліктерді қалыптастыруда және олардың табысты әлеумет-тенуін қамтамасыз ететін ортақ ұстанымдар жиынтығы.
Әлеуметтік тұғыр – тұлға мақсаты мен міндеттеріне әлеуметтік ақиқаттың өмір бойы ықпал етуі, осы ықпалдың адам және қоғам үшін педагогикалық салдарлары.Әлеуметтік тұрғыда ықпал ету тұғыры - әлеуметтік орта мен тәрбиелік кеңістікті орнықтыру, тұлғаны әлеумет-тендіру үдерісі, әлеуметтік қарым-қатынас негізінде тұлғаның рухани-адамгершілік құндылығын қалыптастыруға бағытталады. Қоғам мен әлеуметтік ортаның дамуы мен сұранысынан тәрбие жүйесінде тұлға-ның қоғамға бейімделуі, әлеуметтенуіне т.б. мүмкіндік жасалады.
Іс - әрекеттік тұғыр негізінен қарастыратын болсақ, тұлғаның тәрбиелік қасиеті оның іс – әрекеті, қарым - қатынас, мінез - құлқы арқылы іске асатынын басшылыққа ала отырып, тұлғаның құндылықтар жүйесін қалыптастыруға бағытталады.
Жүйелілік тұғырынысанды оны құрайтын бөліктердің жиын-тығына жатпайтын және иерархиялық құрылымы бар күрделі құрылыс ретінде қарастыруды көздейді. Жүйелі түрде қарастыру құрылымдық компоненттерді, олардың қызметін бөліп көрсетуді, қызметтік-иерар-хиялық байланыстар орнатуды, жүйеқұраушы факторларды анықтау-ды, сыртқы байланыстарды талдауы қажет. Жүйелілік тұғыртәрбиенің мақсаты, міндетіне сәйкес, мазмұнын жүйелі құра білу, жүйелі, бірізді, сабақтастықта берілуі оқушының санасы мен танымына ықпал етеді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   174   175   176   177   178   179   180   181   ...   340




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет