2.3. Тәрбиенің қағидалары.Тәрбиелік мақсатқа сәйкес, тәрбие кешенді міндеттерді шешуді дүниетанымы кең, ой-өрісі жоғары, жеке тұлғалық қасиеттері дамыған адамның негізін қалыптастыру; еңбек, таным, қоғам, отбасы, уақытты тиімді пайдалана білу тәрізді әлеумет-тік қызметтерді өз мәнінде қабылдап, оларды пайдалана білуге даяр-лау, кәсіп таңдау; өз тағдырын өзі шешуге мүмкіншілік жасау, оқушы-лардың өзін-өзі тәрбиелеуіне, өз бетімен білім алуына мүмкіндіктер туғызуды алға қояды.
2015 жылы ұсынылған «Тәрбиенің тұжырымдамалық негізде-рінде» тәрбие қағидасына жан - жақты тоқталады. «Тәрбие қағидасы – тәрбиешілер міндетті түрде сақтайтын, тәрбиені ұйымдасытрудың аса маңызды ережелері, бастапқы ережесі дей келе, кағиданың барлық ба-ғыттарына тоқталады: табиғилылық қағидасы, мәдени сәйкестілік қа-ғидасы, гуманистік бағыт қағидасы, этникалық қағида, бiрлiк талабы мен сабақтастықты қамтамасыз ету қағидасы, тәрбиенің үздіксіздік қа-ғидасы, әлеуметтік өзара іс-әрекеттер тиімділігі қағидасы, әлеуметтік барабар қағидасы, демократияландыру қағидасы, вариативтілік қағида-сы. Ал, мақсатттылық қағидасына мақсатты талаптың айқындығын, ұжымдық сұранысқа нақты есеп жасауды, тәрбие қызметінің басты түрлерін дұрыс таңдауды қарастырады»,- деп анықтама берілген. Тәр-бие табиғи және әлеуметтік-мәдени үдерістердің өзара байланысының ғылыми түсінігіне және балаларды тәрбиелеуде олардың жеке тұлға-лық және жас ерекшеліктерін ескерудің қажеттігіне, жалпы адамзат-тық құндылықтарға, құндылықтарға сай дәстүрлер мен ұлттық мәдени нормаларға және аймақтық ерекшеліктерге сәйкес құрылады, әрбір же-ке тұлғаға құрметпен қарайтын, оның бостандығын және әлеуметтік құқын мойындайтын гуманистік идеяны және бағытты бірінші орынға қояды; педагогтың білім алушыларға және тәрбиешілерге өздерін-өз-дері дамытуға жауапкершілікті субъекті ретінде қарауын, сондай-ақ, субъектінің-субъектіге көңіл бөледі.