1.7.Тұтас педагогикалық үдеріс теориясы туралы білім – мұ-ғалімнің кәсіби құзыреттілігінің негізі. Психологиялық-педагогика-лық әдебиеттерде кәсіби шеберліктің қалыптасуы мен даму үдерісінде екі ұғым: «құзыреттілік» және «құзырет» ұғымдары пайдаланылып келеді. Біріншісі, С.Ожегов сөздігі бойынша, белгілі бір кәсіби қызмет-ке байланысты, «қандай да болсын мәселеден хабардарлық, беделді-лік», ал екіншісі, «қандай да бір істі жүргізетін жеке адамның, мекеме-нің мәселелерді шешуге, іс-әрекет етуге, бір нәрсені істеуге құқықты-лық шеңбері». Құзырет – нақты әрекет пен үдерістерге байланысты тиімді, өнімді әрекеттер жасай алатындай дара тұлға сапаларының өза-ра байланысқан жиынтығы (білім, білік, дағдылармен қызмет түрлері).
Болашақ мұғалімдердің кәсіби-дидактикалық құзыреттілігін қа-лыптастыруға байланысты «құзыреттілік», «кәсіби құзыреттілік», «мұғалім құзыреттілігі» ұғымдарына берілген әртүрлі түсініктемелер бар. Бұдан «құзыреттілік» ұғымы білім беру, маман даярлау сала-сының қолданыстағы терминіне айналғанын көреміз. «Құзыреттілік» термині әдетте белгілі бір әлеуметтік-кәсіби мәртебе иесіне байла-нысты қолданылады және оның сол істі атқарудағы түсінігі, білімі, білігінің орындалуға тиіс жұмыстың нақты өз деңгейінде шешілуімен сәйкестілігі арқылы сипатталады.
Л.М. Митина мұғалімнің кәсіби дамуының психологиялық фак-торларын, шарттары мен қозғаушы күштерін зерттей келіп, тұлғаның интегралдық сипаттарының қатарындағы кәсіби даму факторларының бірі ретінде мұғалімнің кәсіби бағыттылығын және педагогтік құзырет-тілігін бөліп көрсетеді.
Мұғалімнің кәсіби құзыреттілігінің психологиялық тұжырымда-масын жасай отырып, А.К. Маркова оған мынадай анықтама береді: «кәсіби құзыреттілік - бұл мұғалімнің білім, білік және осы еңбекті жү-зеге асыруға қажетті олардың нормативтік белгілерінен хабардарлығы; психологиялық сапаларды меңгеруі, нормаға және үлгіге сай нақты кә-сіби әрекет» және оның мазмұнын екі көрсеткішке – үдерістік және нәтижелілікке бөледі. Қазақстан Республикасы мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандартында «базалық құзырет» ұғымы қолда-нылып келеді. Бұл құзыреттіліктер - өмірдегі мәселелер мен жағдаят-тарды шешуде іс-әрекеттің сапалы, табысты өтуін қамтамасыз ететін жеке тәжірибеге енген білім, білік, дағды, қабілеттің жинағы немесе әмбебап жүйесі. Сондықтан, осы тұрғыда жоғары кәсіби білім беру ба-залық құзыреттіліктерді қалыптастыруға бағытталуы тиіс. Құзырет бі-лім, білік, шығармашылық әрекеттің қорытындысына сүйеніп, төмен-дегідей негізгі белгілерімен ерекшеленеді:
1) Көпқызметті күнделікті, кәсіби және әлеуметтік өмірде кез-дескен кез келген жағдайдан шыға алады және кез келген мақсатты және міндетті шеше алады;
2) метапәнділік және пәнаралық – бұл түрлі жағдайда қолда-нылады;
3) зияттық дамуды, яғни дерексіз ойлауды, рефлексия, өзінің жеке ұстанымын анықтай алуды, өзін-өзі бағалауды, сын тұрғысынан ойлауды талап етеді;
4) көпқырлылығы – түрлі ақыл-ой үдерісін, зиятты біліктілікті, ақыл-ойды қажет етеді.
Отандық педагогикада «құзыреттілік» ұғымы көбіне кәсіби дайындық, кәсіби шеберлік пен мамандықты меңгеру деңгейі ретінде қарастырылып келеді.
Негізгі құзыреттіліктер жалпы орта білім беру саласында қалып-тасып, қандай да бір мамандықтың іргетасын құрайтын құрауыш-тардан тұратын базалық құзыреттіліктердің негізіне дайындайды. Э.Ф. Зеердің пайымдауынша, базалық құзыреттіліктерге жататындар:
- жалпығылыми ұғымдар – табиғат, қоғам және адамның іс-әрекетінің негізгі заңдары;
- экономика мен мінез-құлықты ұйымдастырудың негізін құрай-тын әлеуметтік-экономикалық;
- азаматтық-құқықтық;
- ақпараттық-коммуникациялық;
- политехникалық – техника мен технологияның, жаратылыс-ғылыми, автоматтандырылған өндірістік қызмет ету ұстанымы, бақы-лау және басқару жүйелері;
- жалпы кәсіби мамандықтар тобына қатысты.
Еліміздегі әлеуметтік-экономикалық жағдайды, білім мазмұнын дамытудың бүгінгі жағдайын есепке ала отырып, Қазақстан Республи-касындағы 12 жылдық орта білім беру стандартында қабылданып отырған негізгі құзыреттіліктерді мәселенің шешімін табу (өзіндік менеджмент), ақпараттық және коммуникативтік құзыреттіліктерді қа-лыптастырып дамыту көзделіп отыр. Олай болса, аталған құзырет-тіліктерді оқушылар бойында қалыптастыруды болашақ маман жоғары оқу орны қабырғасында меңгеріп шығады.