Таубаева ш. Т., Иманбаева с. Т., Берикханова а. Е


Ақпараттық-коммуникациялық технологияларды қолдану



бет268/340
Дата07.02.2022
өлшемі0,96 Mb.
#88553
түріОқулық
1   ...   264   265   266   267   268   269   270   271   ...   340
Байланысты:
Таубаева Ш.Т., Иманбаева С.Т.,Берикханова А.Е.Педагогика Оқулық. 2018

Ақпараттық-коммуникациялық технологияларды қолдану. Ақпараттық-коммуникациялық технологияларды (АКТ) қолдану құзы-реттілігі базалық АКТ дағдылар негізінде құрылады және жұмысқа, қарым-қатынасқа, бос уақытқа арналған технологияларды дұрыс шы-ғармашылықпен қолданудан тұрады. Білім алушылар өздерінің АКТ бойынша дағдыларын білім алу үдерісіндегі барлық оқу пәндері ар-қылы дамытады, яғни ақпаратты табу, құру, мәліметтермен, идеялар-мен алмаса отырып, кең спектрлі жабдықтар мен қосымшаларды пай-далану арқылы бірлесіп қызмет жасау барысында өзінің жұмысын бағалайды және жетілдіреді.
Орта мектепте АКТ-ні БАҚ және мультимедиялық құралдарды пайдалануға қойылатын талаптар: дерекқордан және интернеттен ақпа-ратты іздеу, табу; сандық, интернет жүйелері арқылы алынған ақпарат-тарды өңдеу және оның нақтылығын, сенімділігін, құндылығын баға-лай алу; сандық, мәтіндік және визуалдық ақпаратпен және дерек-қор-мен, оның ішінде гиперсілтемелерді, электрондық кестелерді, графи-калық және басқа да қосымшаларды пайдаланып жұмыс істеу арқылы мәліметті жүйелеу; заңдылықтар мен үрдістерді зерттеу; модельдер мен модельдеуді пайдалану мүмкіндіктерін зерделеу, сонымен қатар жылжымайтын және қозғалыстағы бейнелерді, дыбыстарды және мә-тіндерді мультимедиалық таныстырылымдар құру үшін біріктіру, бас-қа нұсқаларды зерделеуде, нақтылауда және нәтижелерді жақсартуда сандық ақпараттың икемділігін толығымен пайдалану; электронды байланыс арқылы басқа білім алушылармен және оқытушылармен ын-тымақтаса онлайн форумдарға, виртуалдық оқыту орталарына қаты-сып, қарым-қатынас жасау және ақпарат алмасу; интерактивті тақтаны белсенді оқытуға техникалық қолдау көрсету мақсатында қолдану; аяқталған жұмыс бойынша мектептің шеңберінде немесе одан тыс жерде мультимедиялық таныстырылым жасау.
Кейс-стади. Кейс-стади - бұл нақты оқиға мен жағдаятты тал-дауға арналған іскерлік ойын. Кейс-стадиді қолдану барысында білім алушылар топтық сұрақ-жауап кезінде шығарылған мәселенің маңы-зын түсіндіріп, жағдайды бағалайды, оқиға немесе процеске талдау жасайды, өзіндік шешу жолдарын көрсетеді. Кейс-стадиді қолдану: жүйелі, корреляциялық, факторлық, статистикалық және тағы басқа талдау біліктіліктерін шыңдауға мүмкіндік береді; - білім алушылар-мен қосымша тапсырмалар жасау нұсқаларын жобалайды; «ми шабуы-лы» пікірталасын өткізу, ғылыми дауласу, негізгі және әр жақты ше-шім бойынша дебаттар дайындалып өткізіледі деп жобалайды. Кейс-стадиді қолдану барысында білім алушылардың дайын білімді мең-геруі емес оны өндіруге, яғни теориялық білімін практикалық міндет-терді шешуге қолдану дағдыларын дамыту және мұғаліммен білім алу-шылардың ынтымақтаса шығармашылықпен жұмыс жасауына басты назар аударылады.
Дербес оқыту тәсілі. Дербес оқу – оқу-тәрбие үдерісін дара-ландыруға, білім алушылардың жеке ерекшелігін ескеріп оқыту мен тәрбиелеуге, өзіндік танымдық іс-әрекеті тәжірибесін қалыптастыруға, өзіндік білімін көтеруге дайын болуы мен қажетсінуіне, білім алушы-лардың ұйымшылдығын, дербестігін тәрбиелеуге мүмкіндік береді.
Кластер− белгілі өз сипаттары бар, дербес бірлік болып сана-латын, бірнеше біртектес даналарды бір топқа графикалық түрде бірік-тіру. Ол оқу материалдарын жүйелеп, қорытуға ықпал ететін бейнені білдіреді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   264   265   266   267   268   269   270   271   ...   340




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет