Педагогикалық іс-әрекет – педагогикалық үдерісте жас ұрпақты оқытып, тәрбиелеп, дамытуға, өздерін өздері іске асыруға және еркін шығармашылық тұрғыдан өздерін таныта алуларына қолайлы жағдай жасауға бағытталған кәсіби іс-әрекет. Педагогикалық іс-әрекеттің субъектісі –мұғалім. Ал мұғалім іс-әрекетінің объектісі–тұтас педагогикалық үдеріс болып табылады. Тұтас педагогикалық үдеріс теориясы бойынша оның өзара тығыз байланысқан негізгі компоненттері ретінде педагог, оқушы, мақсат, міндет, мазмұн, құрал, форма, әдіс-тәсілдер, тапсырма, нәтиже болып табылады.
Педагогикалық іс-әрекеттің негізгі ерекшеліктері:
Мақсаты қоғам мақсатымен анықталады.
Басқа іс-әрекеттерді басқаруға бағытталған іс-әрекет (мета-іс-әрекет).
Іс-әрекет субъект-субъектілік және субъект-объектілік сипатта болады.
Тұлғаның дамуы мен қалыптасуы бойынша жүргізілген педагогикалық іс-әрекеттің нәтижелері болашақта ғана айқындалады.