Таубаева ш. Т., Иманбаева с. Т., Берикханова а. Е



бет31/340
Дата07.02.2022
өлшемі0,96 Mb.
#88553
түріОқулық
1   ...   27   28   29   30   31   32   33   34   ...   340
Байланысты:
Таубаева Ш.Т., Иманбаева С.Т.,Берикханова А.Е.Педагогика Оқулық. 2018

2.4.Мұғалімнің кәсіби маңызды қасиеттері.Педагогикалық іс-әрекет нәтижесінің табысты болуы мұғалімнің тұлғалық қасиеттерімен де тығыз байланысты болып келеді. Мұғалімдердің кәсіби маңызды қасиеттерін зерттеумен айналысқан педагогтар: А.К.Маркова, Л.М.Митина, Н.В.Кузьмина, В.П.Симонов, Н.Д.Хмель, К.С.Успанов, А.А.Молдажанова т.б.
Мұғалімнің қызметі өте күрделі, әрі көп салалы. Мұғалім оқушының жеке басының дамуын, қалыптасуын, оған тәрбие беру және оқыту үрдісін басқарады. Осындай маңызды іске жауапты болғандықтан мұғалімнен жан-жақты терең ғылыми білім, жоғары педагогикалық шеберлік, саяси-моральдық қасиет, табанды ерік-жігер, парасатты мінез-құлық талап етіледі.
Мұғалімдердің кәсіби маңызды сапаларына мынадай негізгі қасиеттер кіреді:оқушыларға деген сүйіспеншілігі,педагогикалық үдерістіжүйелі жүргізе алуы,бақылағыштығы,педагогикалық құбылыстарға талдау жасай алуы,педагогикалық ойлаудың қалыптасуы,қарым-қатынас жасай алуы,ұжымшылдығы, шығармашылығы және т.б.
Мұғалім - өскелең ұрпақтың интеллектуалдық әлеуетін және рухани әлемін қалыптастырушы, сонымен қатар ол халқымыздың болашағы болып саналатын балалар тәрбиесіне жауапты қоғамның сенімді өкілі. Осындай ізгі де қиын кәсіп мұғалімдерден тұрақты шығармашылықты, ойдың тынымсыз жұмысын, орасан зор жан жомарттығын, балаларға деген сүйіспеншілікті, іске шексіз адалдыкты талап етеді.
Қазіргі заман мұғалімі қызметіндегі ең басты ерекшеліктердің бірі -жастарға рухани тұрғыдан ықпал жасауды күшейту, сол арқылы еліміздің нағыз белсенді азаматтарын, еңбеккерлерін, отан қорғаушыларын тәрбиелеп шығару. Бұл үшін мұғалім табиғат, қоғам, саясат, өнер, адам, айнала қоршаған дүние туралы ең жаңа ғылыми біліммен қаруланған болуы керек.
Мұғалімнің балаға шынайы сезіммен, құрметпен қарауы балада мұғалімге деген сыйластық сезімін тудырады. Сондықтан мұғалімнің жалпы мәдениетінің жоғары дәрежеде болуы, оның интеллектуалдық мүмкіндігі, ой-өрісінің кеңдігі, рухани байлығы тұтас педагогикалық үдерісті тиімді ұйымдастыруға зор ықпал жасайды.
Мұғалім профессиограммасынегізінде маманның бұл кәсіпке жарамдылығын немесе жарамсыздығын анықтауға болады. Адамның педагогикалық қызметке жарамдылығы теориялық білімнің молдығында ғана емес, сол білімді үздіксіз дамытып отыруында, нақты педагогикалық үрдіс жағдайына бейімдей алуында. Сонымен қатар мұғалімнің өз білімдерін педагогикалық қызметтің мақсатымен, әдістерімен, нақты жағдайларымен байланыстыра, ұштастыра білу шеберлігі шешуші көрсеткіш болып табылады.
Мұғалім тұлғасын сипаттайтын негізгі кәсіби маңызды қасиеттері оның педагогикалық әдебінің көрсеткіші де болып табылады. Тәжірибелі педагог И.Е.Синицаның пікірінше, педагогикалық әдеп әр мұғалімнің жас мөлшеріне, темпераментіне, мінез-құлқына байланысты келеді. Педагогикалық әдеп – мұғалімнің ізденісінің нәтижесі.
Сонымен қатар зерттеушілердің пікірінше эмпатия ұғымы да мұғалімнің кәсіби маңызды қасиеттерінің бірі болып саналады. Эмпатия – мұғалімнің оқушылардың психикалық жағдайын, көңіл-күйлерін түсінуі, өзін басқа адамның орнына қоя алуы.
Мұғалім - өз пәнін оқытудың әдістерін жете игерген, шығармашылық еңбек ететін, педагогикалық шеберлігін үнемі жетілдіріп отыратын адам. Мұғалім еңбегінің нәтижелілігі оның табиғи дарындылығында дейтін пікірлер де бар. Сөз жоқ, дарындылық, аса қабілеттілік қай мамандықта болмасын кездеседі. Бірақ адам мамандық ерекшелігімен дүниеге келмейтіні ақиқат. Педагогикалық шеберлік– кейбіреулерге ғана берілген табиғат сыйы емес, ол үздіксіз ізденудің, өзін-өзі үнемі кәсіби жетілдірудің және өзінің қалаған мамандығына деген құштарлығынан туындайтын іс-әрекеттер жиынтығы.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   27   28   29   30   31   32   33   34   ...   340




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет