Педагогтың зерттеушілік іскерлігі. Зерттеушілік іскерлік мұғалімнің әрбір әлеуметтік-педагогикалық құбылысқа ғылыми тұрғыдан қарауын, ғылыми болжам жасай алуын, жобалау және эксперимент жүргізе алуын, іс-әрекеттегі зерттеуді жүргізе алуын, сонымен қатар озық тәжірибені де, өзінің тәжірибесін де жинақтай білуін, оларға ғылыми-теориялық, практикалық талдау жасай алуын және мектеп өміріне енгізе білуін қамтиды.
Педагогтың жобалау (проективтік) іскерлігі–оқыту және тәрбие үдерісінің перспективалық міндеттерін терең түсіне отырып, оған жетудің стратегиялары мен тәсілдерін меңгергендігі. Мұғалімнің оқыту және тәрбиелеу үдерісінің жаңа жобасын құрастырып, оны іске асырудың тәсілдерін негіздеуі, бұл жобаның орындалуында ата-аналардың, оқушылардың қатысуын қарастыруы, қоғаммен байланыстылығын, әлеуметтік маңыздылығын түсінуі маңызды болып табылады.