|
Педагогтың коммуникативтік (қарым-қатынас) іскерлігі
|
бет | 44/340 | Дата | 07.02.2022 | өлшемі | 0,96 Mb. | | #88553 | түрі | Оқулық |
| Байланысты: Таубаева Ш.Т., Иманбаева С.Т.,Берикханова А.Е.Педагогика Оқулық. 2018Педагогтың коммуникативтік (қарым-қатынас) іскерлігі. Бұл іскерлік мұғалімнің түрлі категориядағы адамдармен тез тіл табысып, тиімді қарым-қатынас жасай алуын көрсетеді. Қарым-қатынас тәсілдері сөз сөйлеу техникасы, қимылдар, мимиканы игере білуден басталады. Бұл іскерлікті қалыптастыру үшін алдымен адам басқа адамды тусіне білуі, тани білуі және өзін де таныта білуі керек. Екіншіден, өзінің ой-пікірін, көңіл-күйін, көзқарасын, мақсатын сөйлескен адамға, тыңдаушылар ұжымына түсіндіре білуге және оларды да түсіне білуге ұмтылуы қажет. Үшіншіден, адамдармен қарым-қатынас барысында толеранттылыққа негізделіп, оң шешім таба білуі маңызды.
Достарыңызбен бөлісу: |
|
|