Қарым-қатынастың коммуникативті қызметі арқылы ақпараттармен алмасу процессі іске асырылады. Оқушыларды тәр-биелеу, оқыту, олардың тұлғаларын дамытып қалыптастыруда маңызы зор.
Қарым-қатынастың бел қызметі арқылы оқушылардың өзара бірлескен ынтымақтастық іс-әрекеттерін ұйым-дастыру, реттеу, басқару жүзеге асырылады.
Қарым-қатынастың перцептивтік қызметі арқылы оқу-шылардыңпсихикалық жағдайын сезіне алу, олардың көңіл-күйін түсіне білу мүмкін болады.
Қарастырылып отырған қарым-қатынас қызметтері нақты педа-гогикалық іс-әрекетте өзара бір-бірімен тығыз байланысып жатады. Мұғалім әр жастағы оқушылармен жұмыс жасауда педагогикалық қарым-қатынасқа қойылатын талаптар да өзгеріп отырады. Негізгі талаптардың бірі – педагогикалық үдерістің негізгі заңдылықтарының бірі болып табылатын оқушылардың жас ерекшлеліктеріне сай қарым-қатынас орната білу.
Мектеп оқушылары үш буынға бөлініп білім алатыны белгілі: бастауыш, орта (жеткіншек шақтағы оқушылар) және жоғары. Енді осы буындарға сәйкес педагогикалық қарым-қатынас ерекшеліктерін қарастырып көрейік.