Жоғарғы сыныпоқушыларының дамуында жеткіншектерге қа-рағанда әлдеқайда бірқалыптылық байқалады. Осы шақтағы оқушы-лармен педагогикалық қарым-қатынас орнатуда мұғалім олардың не-гізгі ерекшеліктері ретінде тұлғалық дамуын және өмірлік бағдарын өз беттерінше анықтайтын жандар екенін ескеруі керек. Жоғары сынып оқушыларының өзіндік пікірлері, дүниетанымы, көзқарастары олар-дың жеке тұлғалық қасиеттерінің қалыптасу деңгейінен көрініс береді.
Жоғары сынып оқушыларының физикалық және ақыл-ой даму-ларының үздіксіз үдерісі негізінде олардың көп нәрсеге қызығушы-лықтары артып, болашағын бағдарлауға қатысты мұғалімдермен қа-рым-қатынасқа ашық болып келеді. Бұл олардың жаңа тәжірибе жи-нақтаудағы ұмтылыстары және өздерінің дұрыс бағытты таңдаулары бойынша сенімділігін нығайту үшін маңызды.
Жоғарғы сынып оқушыларымен педагогикалық қарым-қатынас-та олар мұғалімнің жеке тұлғалық қасиеттеріне баса назар аударады: әділеттілігі, шыншылдығы, түсіне алу дағдылары, жағымды эмоцио-налдық кері байланысы, білім деңгейі мен оқыту сапасы.
Сондай-ақ, жоғары сынып оқушысы өзінің жеке «Мен»-жүйесі жайлы көп ойланып, толғанады. Осы жайлы жалғыз қалып ойланған-ды, қиялын шарықтатып, өзін түрлі әлеуметтік рөлдерде елестетулері жиі байқалады. Яғни, жоғары сынып оқушыларының өзін тану арқылы өзгелерді тануы қарым-қатынастық жүйелерінің басты ұстанымына айналады.