1)сөйлегенсөздің дұрыстығы - әдеби тілдік нормалардың сақ-талуы (лексикалық, морфологиялық, стилистикалық, синтаксистік). Сөйлеу барысында сөздің дұрыс айтылмауы оқушының назарын бөліп оның мазмұнын толық қабылдауға кедергі болады.
2)сөздің анықтылығы. Сөздің анық айтылуы оқушылардың қызығушылығын оятып, зейінін күшейтіп, сөйлесу үдерісінің нәтижесін тиімді етеді. Сөздің анықтылығы мұғалімнің ойлау қабілетімен, өз ойына деген сенімділігімен, тілдік стильдерді меңгергендігімен анықталады.
3)сөздің нақтылығы педагогтың айтып тұрған нәрсесін терең білуімен, логикалық ойлау қабілетінің толық пайдаланылуымен, өз ойын нақты жеткізе алуымен, сөздерді орынды қолдана алуымен ерекшеленеді. Мысалы, емтихандағы оқушы өзінің нашар жауабын «білемін, бірақ соны айта алмаймын» десе, ол оның білімінің жүйесіздігін, үстіртін екендігін, шалалығын көрсетеді. Сол сияқты мұғалімнің айтатын нәрсесі нақты болу үшін ол сол нәрсенің мән-мағынасын ең алдымен өзі жақсы түсініп алуы керек.