БІЛІМДІ БЕКІТУГЕ АРНАЛҒАН ТЕСТІЛЕУ
1-тест
Абайдың «Тегінде, адам баласы адам баласынан ақыл, ғылым, ар, мінез деген нәрселермен озбақ. Онан басқа нәрсеменен оздым ғой демектің бәрі де – ақымақтық» деген ойына сіздің көзқарасыңыз?
а) Дұрыс айтады, ақыл, ғылым, ар, мінез адамның айнымас, мәңгілік серіктері.
ә) Ақыл, ғылыммен озуға болатын шығар, ал «мінезбен озу» дегенді түсінбеймін.
б) Қалай болса да, өмірде нәтижеге жетсең, сол маңызды деп ойлаймын.
2-тест
Адам дүниетанымы оның өмір сүруіне басшылық етеді, негіз болады. а) Дүниетаным – адам санасының қоғамдық өмірге, табиғатқа, өзіне көзқарасы және сенімі болғандықтан, ол адамның өміріне
негіз бола алады.
ә) Адамның өмірі оның дүниетанымына ғана емес, ортасына да байланысты.
б) Тұрмыс сананы басқарады, сондықтан мен бұл пікірмен келіспеймін.
3-тест
Адамның шынайы «Мені»:
а) Әр адамның адамгершілік қасиеті, рухы, мейірімі.
ә) Адамның тәні, оның еңбегімен жасалған, артта қалар дүние-мүлкі.
б) Адамның тілек-қалаулары.
4-тест
Өзіңмен үйлесімділікте өмір сүру үшін:
а) Дәулетке кенелу, рақатқа бөлену керек.
ә) Алдыңа мақсат қойып, мінез-құлқың, іс-әрекетіңді ерікті түрде бағыттап отыруың қажет.
б) Адамда «нұрлы ақыл», «ыстық қайрат», «жылы жүрек» болуы шарт.
Достарыңызбен бөлісу: |