Таубаева ш. Т., Иманбаева с. Т., Берикханова а. Е


айтылған сөздің мазмұндылығы



бет70/340
Дата07.02.2022
өлшемі0,96 Mb.
#88553
түріОқулық
1   ...   66   67   68   69   70   71   72   73   ...   340
Байланысты:
Таубаева Ш.Т., Иманбаева С.Т.,Берикханова А.Е.Педагогика Оқулық. 2018

айтылған сөздің мазмұндылығы ондағы берілген ойдың те-реңдігімен, сезімге әсерлілігімен, мағыналылығымен, өзектілігімен, шынайылыққа сай болуымен анықталады. Әр сөзге көп мағына сый-ғызып, әр сөзді оқушының санасына сіңетіндей жеткізуге тырысу мұ-ғалім үшін міндетке айналуы керек.

  • сөздердің қажет болғанда бейнелі, көркем, эмоциялы болуы. Мұғалімнің сөйлеу интонациясының, дауыс ырғағы мен оның қойылымының өзін дұрыс ойластыру қажет, себебі сөздің қандай кө-ңіл-күймен айтылып тұрғандығы өте маңызды. Сөйлемдер арасында пауза жасау арқылы адам тынысын түзейді. Интонация арқылы мұ-ғалім өз пікірін мәнерлі, жағымды, көркем етіп жеткізуіне болады. Өте қатты дауыс – адамның жүйкесіне әсер етеді, өте ақырын дауыс – жалықтырып, қалғытып, тез шаршатады.

    Сөйлеу мәдениетін қалыптастыру үшін адам арнайы жаттығуы қажет.
    Сөйлеу әдебінің жағымды жақтары ретінде сыпайылықты біл-діретін «кешіріңіз», «рұқсат етсеңіз», т.б сөздер қандай адамға болмасын жарасымды.
    Мұғалімдердің сөйлеу әдебінде тек сөйлеу шеберлігі емес, со-нымен қатар оқушыны мұқият тыңдай білу мәдениеті де маңызды рөл атқарады. Тыңдау және есту: қайсысы дұрыс? Тыңдай білу және ести алу екеуі екі түрлі үдеріс десек болады. Тыңдау үдерісінде адам өзіне қызықты және қажетті ақпараттарды ғана қабылдайды. Ал ести білу дегеніміз әңгімелесушінің айтқан сөздеріне толық мән беру, оның не жеткізгісі келіп тұрғанын сезіне алу. Бұл өте маңызды және сирек кездесетін әңгімелесу дағдысы. Бұл дағдыны қалыптастыру үшін ар-найы жаттығу керек. Ал мұғалімнің кәсіби іс-әрекетінде тыңдай білу, оқушы үнін есту маңызды.Әдетте сабақта мұғалімдер көп сөйлеп, оқушының ой-пікірі елеусіз қалатыны рас. Педагогикалық үрдісте егер мұғалім оқушының айтқанын толық ести алатын болса, оның ойын бөлмесе, оқушы одан сайын оған сырын ашып беруге тырысады. Ол оқушы үшін Сіз-ең жақсы ұстаз болып табыласыз!
    Сондықтан оқушы үнін тыңдау, оның ой-толғаныстарын есту арқылы оның жүрегіне жол таба білуге, жан сарайын түсінуге бола-тыны анық. Өйткені тек жағымды қарым-қатынас жасау арқылы ғана оқушының көзқарасы мен қасиеттері айқын көріне бастайды. Жеке оқушымен дұрыс қарым-қатынас орнатпайынша, еркін түрде әңгімеле-сіп көрмейінше оны жете білу мүмкін емес. Бұл идеяны біз ежелгі грек философы Сократтың «Сен сөйле, мен сенің кім екеніңді көрейін» деген ойымен негіздеп кетуімізге болады.
    Ұстаздық мамандықты таңдаған адамды бірден оның кәсіби ерекше қасиеті болып табылатын педагогтық әдеп ерекшеліктерінен тануға болады. Педагогтық әдеп – ұстаздың кәсіптік моралі туралы ілім. Педагогтық әдеп жай ғана сыпайылықты сақтау емес, ол шығарма-шылық ақыл-ой әрекеті, ол адам бойындағы мәдени мінез-қүлықтың, білімділіктің жиынтығы.




    Достарыңызбен бөлісу:
  • 1   ...   66   67   68   69   70   71   72   73   ...   340




    ©engime.org 2024
    әкімшілігінің қараңыз

        Басты бет