Пәні: Қазақ әдебиеті
Сыныбы: 8
Сабақтың тақырыбы: Омар Һайям «Рубайлар»
Сабақтың мақсаты: О. Һайямның шығармашылығы мен өмірі жайлы түсінік беру.
Сабақтың міндеттері:
а) Білімділік: Оқушыларға О. Һайямның шығармашылығы мен өмірі жайлы түсіндіру.
ә) Дамытушылық: шығарма жайлы алған білімдерін әр түрлі тапсырмалар арқылы жүйелеу, балаларды тез ойланып, жауаптарын тиянақты айта білуге дағдыландыру.
б) Тәрбиелік: халқымыздың мұрасын бағалай білуге тәрбиелеу
Сабақтың типі: жаңа материалды түсіндіру
Сабақтың түрі: дәстүрлі
Сабақтың әдісі: әңгімелеу, өз бетімен жұмыс,сұрақ-жауап
Пәнаралық байланыс: қазақ тілі
Көрнекілігі: Оқулық, карточкалар т.б.
Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі
а) Оқушылардың сәлемдесуі, түгендеу.
ә) Оқушылардың зейінін сабаққа аудару.
ІІ. Үй тапсырмасын сұрау.
Ә. Рудаки «Өмір маған ақыл айтты» өлеңі
ІІІ. Жаңа сабақ
Омар Һаямның өмірбаянына шолу жасау.
1.Омар Һайям 1048 жылы 17 мамырда қазіргі Иранның Түрікменияға жақын жердегі Нишапур қаласында киіз үй, шайла жасаушы Ибрагим атты шебер адамның отбасында дүниеге келген. («Хайям» деген сөз «шайла жасаушы», «киіз үй жасаушы шеберлер әулеті» деген мағынаны білдіреді.) Сол кездегі ірі білім орталығы болып есептелетін Нишапурдың медресесінде білім алған. Сосын білімін Самарқан мен Балхта, Бұхара мен Исфаханда жалғастырған.Ол кездегі білім жүйесі есте сақтау мен жаттауға негізделгендіктен, бала Омардың да есте сақтау қабілеті адам таңғаларлықтай болған көрінеді. Ежелгі грек астрономы және жағрафия зерттеушісі Птоломейдің араб тіліндегі «Альмагеста» атты кітабын сатып алуға қаржысы жетпегендіктен, жеті қайтара оқып, жаттап алып, Исфаханнан Нишапурға келген соң қағазға айнытпай түсірген. Түпнұсқа мен көшірмені салыстырып көргендер таңғалып, жағасын ұстасыпты. Ежелгі гректің Архимед, Евклид, Аристотельдерін араб тіліне аударып, түсініктеме жасаған біздің жерлесіміз әл-Фараби мен оның шәкірті Ибн Сина екені көпке мәлім. Хайям Ибн Синаны өзіне өмір бойы ұстаз тұтқан. Тіпті 83 жас жасап өмірден өтердің алдында да қолына Ибн Синаның «Сауығу кітабын» ұстап жатқан екен. Кітаптың «Жекеше және көпше» деп аталатын тарауына келгенде алтын тісшұқығышын арасына салып, кітапты жапқан. Сосын дәрет алып, намаз оқып, туыстары мен шәкірттеріне өсиетін қалдырып, о дүниеге аттанар алдында: «О, Алла, кешір мені! Өзіңе аян, мен қолымнан келгенше өмір бойы Сені тануға тырыстым. Менің Сен туралы білгенімнің барлығы – бұл менің Саған жақындай түсуге жасаған қадамым еді», – деп, Алладан кешірім сұрап, мәңгілікке көз жұмады.
Омар Хайям - тәжік және парсы халықтарының Орта ғасырларда өмір сүрген ұлы ғалымы, көреген ойшылы, дарынды ақыны. Сол кездегі, оның ғылыми зерттеулері математика мен астрономияны жаңа сатыға көтерді. Философиялық еңбектері кейінгі ұрпақтардың ой өрісін кеңейтті. Ал, өлеңдері поэзияның жаңа түрін қалыптастырды.
Омар Хайям 1040 жыл шамасында (кейбір деректер бойынша 1048 жылы) туған. Жергілікті медреседе оқып білім алған. Оның негізгі ұстазы Нишаүурдың белгілі ғалымы Насыреддин Шайх Мұхаммед Мансур дарынды Хайям өз бетімен де оқып білім алады. Ғалымның жігіттік шағы Балх қаласында өткен, ол онда математика, физика, астрономия, философия, дін негіздері, тарих ілімдерімен шұғылданған, араб тілін еркін меңгеріп шыққан. Одан кейін Самарқанд, Мерв, Исфаған, Рей тағы басқа қалаларда тұрып қызмет істеген.
Математик ғалым Мыңбай Ысқақовтың дәлелдеулері мен зерттеулеріне қарағанда Хайям үлкен математик болған. Халық астрономиясының негізін салған. Оның математикадан жазған басты-басты екі еңбегі сақталған, оның бірі - Алгебра мен Әлмүнәбәлс есеп-терінің дәлелдемелері туралы. Екіншісі-Евклид кітабындағы қиын тарауларға түсіндірмелер. Алдыңғысында алгебра, соңғысында геометрия мәселелері баяндалады - дейді Мыңбай Ысқақов.
Омар Хайям – бүкіл ақындардың арасындағы философ, өзінің төрттағанына бүкіл философияны сыйдыра білген ақын. Міне, осындай ұлы ақынды өз елінде ақын емес, астролог, математик, философ, қала берді, физик, дәрігер-емші, музыка зерттеушісі ретінде ғана таныған. Рас, таза ғалым ешқашанда қасаң діни қағидаға емес, таза ғылыми қағидаға ғана сүйенген. Ғалым адам кез келген нәрсеге, құбылысқа күдіктенбей, қайта тексермей, өзі көз жеткізбей тұрып оны Ақиқат деп қабылдамайды. Сондықтан ол «бұл дүние жалған, нағыз өмірдің жәннаты о дүниеде» дегенге немесе тағы да басқа көпшіліктің жаттанды түсініктері мен көзқарастарына күдікпен қарайды. Сол ойын өлең жолдарына салып, көптің ойын күлкіге айналдырады. Өйткені ол көп айтты екен деп сене салмайды, өзінің көзі жетсе ғана шындық деп қабылдайды.
2.Омар Хайямның өзі де өмірде рубаилары арқылы есте қаларын білмеген болар. Бізге жеткен аңыз әңгімелерге қарағанда, өлең жазу ол үшін әуес іс (хобби) болған көрінеді. Өмірін ғылымға арнаған. Ғалымның ғалымдығы – аз сөзге көп ойды сыйдыра білгендігінде. «Рубай» атты төрт жолдық қазақтың қара өлеңіне ұқсас халықтық қарапайым төрттағанымен басқалардың бір романда немесе бір повесте айта алмаған ойын «көп сөйлеп созбай», қысқа да нұсқа әрі көркем етіп бере білген шеберлігінде. Бұл рубаилардың мазмұнының тереңдігіне таңғалмасқа шараң жоқ. «Аз сөз – алтын, көп сөз – күміс».Сосын Хайямға телініп жүрген рубаилардың қаншасы оныкі, қаншасы Хайямға еліктеп жазған кейінгі шәкірттерінікі екені де белгісіз. Зерттеушілердің бірі 400-ге таяуы ғана Омардікі десе, екіншілері 4-5 мыңға жуығы дейді.Кез келген ұлы Тұлғаның күрделі тағдыры мен кейінгіге қалдырған көркем дүниесін түсіну, танып білу оңай емес. Рубаилар мазмұнын әркім әрқалай түсініп, әртүрлі түйін жасайды. Пікірлер бір-біріне қарама-қайшы келіп жатады.
3.Оқулықпен жұмыс.
Омар Һаямның өмірбаяның оқушыларға оқыту.
4.Кезекпе-кезек оқыту.
«Рубайларды» оқушыларға қатар бойынша кезекпен оқыту.
ІV. Жаңа материалды бекіту.
1.Омар Һаям кім?
2. Рубаилар дегеніміз не?
V. Үйге тапсырма
Омар Һаямның өмірбаяның оқу және «Рубаиларды» жаттау.
VІ. Бағалау
Достарыңызбен бөлісу: |